член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Германияның шипайжайлары


Гер­ма­нияға шығу ви­засы

Бұл жер­де әдет­тегі «gu­ten tag» ор­ны­на орыс тілінде «здрась­те» сөзін ес­тисіз. Біріккен­нен кейін Гер­ма­ния Ба­тыс Еуро­падағы халқының са­ны жағынан ең ірі елдің бірі бо­лып та­была­ды. Елдің халқын 80 млн адам құрай­ды. Ге­ог­ра­фи­ялық жағынан Еуро­паның да­мыған ел­дерінің ор­та­сын­да ор­на­ласуы ел эко­номи­касы­ның да­му­ына әсер етеді.

Гер­ма­ни­яда «фах­верк» (қабырғала­ры ақ бал­шықтан са­лынған және бал­шық жа­бын­дар) стилінде са­лынған ор­тағасыр­лық ғима­рат­та­рымен, фе­одал­дық са­рай­лар са­нының көптігімен ерек­шелінетін кішігірім және ор­та­ша қала­лары көп. Гер­ма­ния фе­дера­тивтік рес­публи­касы әкімшілік жос­парда 16 фе­дера­тивтік жер­лерге бөлінген. Ол әлем­де АҚШ пен Жа­пони­ядан кейін эко­номи­калық әле­уеті жағынан үшінші орын­да тұр.

Гер­ма­ни­ядағы ту­ристік сұра­ныс іскерлік са­пар­лармен, білім алу, эли­тар­лық және ем алу ту­ризміне негіздел­ген. Эли­тар­лық және ем алу ту­ризмі елдің ба­тысын­да ор­на­ласқан Ба­ден-Ба­ден, Бад Рай­хен­халь, Бад Кис­синген және басқалар сияқты ши­пажай­лар­мен бай­ла­ныс­ты. Осы ши­пажай­лар­да де­малу ежелгі Рим ке­зеңінен әйгілі жы­лы су­лары­мен белгілі. Неміс ши­пажай­ла­рының ре­сейліктер ара­сын­да үлкен сұра­нысқа ие екендігіне таң қалу­дын ке­регі жоқ. Кезінде док­тор Штольц Об­ло­мовқа: «Қарағым, Эмс не­месе Ба­ден-Ба­ден­ге келіңіз, ма­усым мен шілде ай­ла­рын­да осын­да тұрып, су­ын ішіңіз» де­ген екен. Әри­не, ем­де­луге және де­малуға Гер­ма­ни­яда ғана емес, басқа жер­лерде де бо­лады. Бірақ, бұл ел ме­дици­на са­пасы мен тұрғын­дардың ден­са­улыққа ша­лағай қара­ма­уымен ерек­шелінеді. Неміс ши­пажай биз­несі бұрын­нан-ақ ме­дици­на, де­малыс мен ту­ризм­дегі ин­дуст­рияға ай­налғаны қашан!

Әрбір ши­пажай­дың ата­уын­ның ал­дында «бад» прис­тавка­сы бар, бұл оның емдік қай­нар су­лар­дан пай­да болғанын білдіреді. Сон­дай-ақ ши­пажай ор­на­ласқан қала­ның ата­уы да сол ши­пажай ата­уымен ата­лады. Бір нәрсе­ге сенімді бо­луға бо­лады: ми­нерал­ды су қазіргі за­манғы ме­дици­налық әдістер­мен үй­ле­се келіп, ке­ремет жа­сауға қабілетті.

Гер­ма­ни­яда Ба­вария көлдерінде де­малу сәнді бо­лып та­была­ды. Өй­ткені Гер­ма­ни­яның оңтүстік және ең үлкен про­вин­ци­ясы­ның тұрғын­да­ры өздеріңіз ерек­шеліктерін және басқа немістер­ге ұқса­май­тын­дықта­рын ерек­ше атап көрсе­туді ұна­тады. Олар туған жер­лерін мем­ле­кет­тегі мем­ле­кет деп та­нып, Ба­вари­яның бас қала­сы Мюн­хенді бүкіл Гер­ма­ни­яның ас­та­насы деп та­ниды. Бұнда жыл­дан –жылға жар­ты ел де­малуға ке­леді, Ба­вари­ядағы де­малыс әруақыт­та да қызықты, шу­лы өтеді.

Эль­ба­дағы Фло­рен­ция – осы­дан үш жүз жыл бұрын Дрез­денді осы­лай атаған. Бұл еуро­палық өрке­ни­еттің бағасы жоқ қазы­насын сақтаған Еуро­паның ірі мәде­ни ор­та­лықта­рының бірі. Дрез­ден – бұл ке­ремет қорған­дар, шірке­улер мен са­рай­лар, кең Эль­ба өзені. Мол, бірақ таңда­улы сак­сон тағам­да­ры мен дәмі жұпар сак­сон ша­рабы. Бұл қызықты ел ту­ралы ай­та бе­руге бо­лады, бірақ ұмы­тыл­мас әсер алғыңыз кел­се, «мың рет естіген­ше, бір рет көргеніңіз ар­тық».

Ба­ден-Ба­ден ши­пажайы

Ба­ден-Ба­ден – ши­пай­жай­лы қала өзінің құра­мын­да ка­лий хло­риді, тұз бро­миді, це­зий хло­риді мен басқа да ми­нерал­да­ры бар жы­лы қай­нар су­лар­мен әйгілі.

Қай­нар суы бу­ын, ты­ныс жол­да­ры ауру­лары мен басқа да ауру­лар­ды ем­деу және ал­дын алу үшін қол­да­ныла­ды. Бүгінгі таңда тем­пе­рату­расы 56- дан 68,8 С ара­сын­дағы 1200- те­реңдіктен шығатын 20 қай­нар су пай­да­лына­ды. Қай­нар те­рең болған сайын, су­дың тем­пе­рату­расы да соғұрлым жоғары бо­лады. Қай­на­ру суы ван­на, ішу, қауыз­дарда шо­мылу, ин­га­ляция мен су­ару үшін жа­рам­ды.

Ши­пажай біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасыр­да римдіктер негізін қалаған және 9 ғасыр­дың ба­сын­да Фрид­рихс және Ка­ракал­ла екі жы­лы су ке­шен­дерінің арқасын­да ха­лықара­лық са­уықты­ру ши­пажайы аты­на ие болған, бұнда мас­саж, су ас­ты мас­са­жы, Ши­ат­су, от­тегі, көміртегі, әуе, жы­лы, га­ухар­тасты ван­на­лары, емдік гим­насти­кала­ры сияқты ем­деу ша­рала­ры жүргізіледі. Ол көркем Шварц­валь­ды­да ор­на­ласқан.

Көрсетілімдер:

  • Ги­пер­то­ния;
  • Қан та­мыр­ла­ры ауру­лары мен жүректің ауру­лары­ның жеңіл түрлері;
  • Қимыл-қозғалыс ап­па­раты­ның бар­лық ауру­лары, рев­ма­толо­ги­ялық қабы­ну ауру­лары (арт­рит, арт­роз), бу­ын­дар мен омыртқаның де­гене­ративті ауру­лары;
  • Қимыл-қозғалыс ап­па­раты­на жа­салған опе­раци­ялар мен жа­ратқат­тан кейінгі ем­деу;
  • Әре­кеттік күшті жал­пы арт­ты­ру;
  • Шар­ша­удан айыры­лу, бар­лық ағза­ны ре­гене­рация, ак­ти­виза­ция мен ын­та­лан­ды­ру.
  • Жүй­кенің жұқаруы; нев­рит пен нев­ралгия;
  • Зат ал­ма­судың бұзы­лу­ынан пай­да болған ауру­лар;
  • Кейбір ги­неко­логи­ялық ауру­лар, кли­макс­тың бұзы­лу сал­да­ры;
  • Ты­ныс жол­да­рының ауруы (со­зыл­ма­лы брон­хит, мұрын қуысы­ның қабы­нуы т. б.);
  • Кейбір тері ауру­лары.

Ден­са­улығыңызға пай­да­лық пен жа­ныңызға жағым­ды­лықты бір уақыт­та үй­лестіріңіз және та­маша жағдай­да то­лық ал­дын алу ме­дици­налық тек­се­руден өту­ге бел буыңыз. Сіз Ба­ден-Ба­деннің қолай­лы қонақ үй­лерімен ра­хат­та­на ала­сыз және Сіз таңдаған кли­ника­лар­дың бірінде то­лық ме­дици­налық тек­се­руден өте ала­сыз.

Ба­ден-Ба­деннің бар­лық дәрігер­лері ағыл­шын тілінде, тіпті кейбіреуі орыс тілінде сөй­лей ала­ды.

Те­рапия

Сіз ем­де­удің дәстүрлі әдісін не­месе жоғары тех­но­логи­ялар­ды қол­данған ем­де­уді таңдай­сыз ба, Ба­ден-Ба­ден­де Сізге үлкен таңдау ұсы­ныла­ды. Ба­ден-Ба­деннің са­уықты­ру ор­та­лықта­ры дәстүрлі ме­дици­нада бол­сын, аль­тер­на­тивті ме­дици­на бол­сын ем­де­удің жаңа зерт­те­мелері мен әдістерін қол­да­нуға әрдайым дайын. Осы ар­тықшы­лықты пай­да­ланып қалыңыз! Ма­ман­дарға Сіздің же­ке са­уықты­ру бағдар­ла­маңыз­ды жа­са­уды тап­сы­рыңыз, жа­ныңыз бен де­неңізді бір үй­лесімге келтіріңіз. Ба­ден-Ба­ден­дегі те­рапи­яның әртүрлі түрлерін ұсы­ну бар­лық са­ланы қам­ти­ды.

Жы­лу су­лар

Жердің түбінен шығатын ба­ден-ба­ден жы­лы ши­палы қай­нар су­лары­на түсіп, күнделікті күйбің тіршілікті ұмы­тып, өз де­ненің мен жа­ныңыз­ды бір үй­лесімге келтіріңіз.

Сіз са­бын­ды-қыл­шықты мас­саждан кейінгі ләззат­ты бас­тан өткіздіңіз бе? Он­да Сіз Фрид­рихс­бадқа ба­руыңыз ке­рек.

Өзіңізге «Ка­ракал­ла» атақты жы­лы су қауыз­да­рының бірінде ра­хат дәмін сый­лаңыз, бұнда Сіз конт­рас­ты су ем ша­рала­рын ала ала­сыз.

Ca­racal­la Ther­me – Ка­ракал­ла жы­лы су­лары жы­лы ши­палы қай­нар су­лар ке­шені.

Жұмыс уақыты: Дүй­сенбі – Жек­сенбі сағат 8:00–22:00-ге дейін

Де­малыс күндер: 24/25 жел­тоқсан

Бір адам­ның кіру би­летінің құны
2 сағатқа ар­налған би­лет
13,00 Ев­ро
3 сағатқа ар­налған би­лет
15,00 Ев­ро
4 сағатқа ар­налған би­лет
17,00 Ев­ро
10 ке­луге ар­налған би­лет (мерзімі шек­телме­ген)
10 ке­луге, 4 сағатқа ар­налған би­лет 143,00 Ев­ро
10 ке­луге, 2 сағатқа ар­налған би­лет
113,00 Ев­ро
10 ке­луге, 3 сағатқа ар­налған би­лет
127,00 Ев­ро
Топ­тық би­лет­тер (10 адам­нан тұра­тын топ)
2 сағатқа ар­налған би­лет, адам ба­сынан
11,00 Ев­ро
3 сағатқа ар­налған би­лет, адам ба­сынан
12,70 Ев­ро
4 сағатқа ар­налған би­лет, адам ба­сынан
17,30 Ев­ро

Са­унаға ба­ру би­лет құны­на кіреді.

Берілген уақыт­тан кейін әрбір 15 ми­нут бағасы – 1 ев­ро

Бар­лық бағаларға ҚҚС енгізілген, бағалар өзге­руі мүмкін

7 жасқа дейінгі ба­лаларға Ca­racal­la Ther­me кіру рұқсат етілмейді, бірақ 1,5 жас­тан асқан ба­лалар­ды жы­лы су­лар­дағы ар­найы ба­ла бақша­лар­да қал­ды­руға бо­лады.

Са­унаға кіру 14 жас­тан асқан ба­лаларға рұқсат етіледі! (16 жасқа дейінгілер ере­сек адам­ның қара­уымен кіргізіледі)

Ав­тотұрақ: автұрақ үшін 250 орын­ды жер ас­ты га­ражы бар. Ca­racal­la Ther­me ке­лушілері үшін алғашқы 2 сағат тегін. Одан кейінгі әрбір сағат – 1 еуро.

Fri­ed­rich­sbad – Фрид­рихс­бад – ши­палы қай­нар­лардағы рим-ир­ланд­тық мон­ша­лар.

Жұмыс уақыты: Дүй­сенбі– Жек­сенбі сағат 9:00-дан 22:00-ге дейін

Де­малыс күндері: 24/25 жел­тоқсан

Дәстүр бойын­ша дүй­сенбі мен бей­сенбі сайын ер адам­дар мен әйел адам­дар же­ке шо­мыла­ды. Олар Kup­pelsa­al зал­да ғана кез­де­седі (10және11 блок­тар). Ал ара­лас күндері – сәрсенбі, жұма, сенбі күндері олар 7–11 блок­тарға кіреді. Сей­сенбі, жек­сенбі және мей­рам күндері ер адам­дар мен әйел­дер бар­лық 17 блокқа кіре ала­ды.

Са­бын­ды мас­сажбен бо­лу уақыты­мен 3,5 сағат, ал мас­сажсыз бо­лу уақыты 3 сағат­ты құрай­ды.

Бір адам­ның кіру би­летінің құны
3 сағатқа ар­налған би­лет, мас­сажсыз
21,00 Ев­ро
Са­бын­ды мас­саж, 30 ми­нут қосым­ша
+ 10,00 Ев­ро
10 ке­луге ар­налған би­лет (мерзімі шек­телме­ген)
10 ке­луге ар­налған би­лет, 3 сағат, мас­сажсыз
174,00 Ев­ро
10 ке­луге ар­налған би­лет, мас­сажбен әрбір мас­саж үшін
+ 10,00 Ев­ро
Топ­тық би­лет­тер (10 адам­нан тұра­тын топ)
10 ке­луге ар­налған би­лет, 3 сағат, мас­сажсыз
17,40 Ев­ро
Са­бын­ды мас­саж, 30 ми­нут қосым­ша
+10,00 Ев­ро
Берілген уақыт­тан кейінгі әрбір 30 ми­нут 3,50 Ев­ро

Бад Рай­хен­халь ши­пажайы

Авс­трия мен Гер­ма­ния ше­кара­сын­да ор­на­ласқан Бад Рай­хен­халь Ба­вари­яның кішігірім ши­пажай қала­рының ішінде ерек­ше орын ала­ды. Альпілік алқап жүрегінде ор­на­ласқан, та­улар, көгал мен қалың ор­манның сиқыр­лы шы­мыл­дықта­рымен оралған ши­пажай ор­та еуро­палық та­биғат­тың ең ғажайып қыр­ла­рын сақтап қалған. Жұмсақ кли­мат, та­биғи тұзды қай­нар көздер мен та­маша та­биғат дәулетті адам­дарды өзіне бе­кер­ден бе­кер тарт­паған, сон­дықтан бо­лар 1990 жыл­дан бас­тап бұл ши­пажай­ды «ба­вари­ялық мем­ле­кеттік ши­пажай» деп атай бас­таған.

Бүгінгі таңда Бад Рай­хен­халь –бірінші дәре­желі альпілік ши­пажай, бұнда қонақтар­дың ден­са­улығы мен көңіл күйіне ерек­ше на­зар ауда­рыла­ды. Де­малу­шылар өздеріне Бад Рай­хен­халь­дағы альпілік тұзды қай­нар көздердің жағым­ды әсерін және қуат бе­ретін күшін аша­ды. Біз Сіздерді альпілік қай­нар көздердің қуат бе­ретін күшін сезіну­ге шақыра­мыз.

Ежелгі тұз қай­на­татын Al­te Sa­line 1834 жы­лы са­лынған және еуро­палық маңызы бар ин­дуст­ри­ал­ды ес­керткіш бо­лып та­была­ды. Ту­рис­терді ми­нерал­ды қай­нар көздер мен не­оро­ман стилінде са­лынған кішкен­тай шіркеуі бар бас па­вильон қызықты­рады. Бұл жер­де бар­лығы 150 жыл бұрынғыдай баз қал­пында, тіпті әлі күнге дейін ай­на­латын үлкен су дөңге­лек­тері сақталған.

Ке­лушілер­ге Al­te Sa­line тұз қай­на­ту ғима­раты­ның ішіндегі тұз мұра­жайы осы жер­лердің бас­ты бай­лығы бо­лып са­нала­тын тұзды өндіру әдістері ту­ралы мәлімет бе­реді. Бұрын әлсіз қойытылған тұзды ерітіндідегі тұздың қоюлығын арт­ты­ру үшін ерітіндіні қара тікенді қараөріктің са­бақта­ры арқылы өткізген. Бүгінде Гра­дир­ха­ус гра­дир­ня­сы тек емдік мақсат­та және ашық ас­панда үлкен ин­га­лятор ретінде қыз­мет етеді, сон­дай-ақ бар­лық де­малу­шылар­ды са­уықты­ру се­ру­еніне шақырып тұрған­дай сезім қал­ды­рады!

Көне ко­рольдік Кур­ха­ус өзінің сәулетімен таң қал­ды­рады және қала­ның ви­зит кар­точка­сы бо­лып та­была­ды. Қай­та қал­пы­на келтіру жұмыс­та­рынан кейін ол өзінің бас­тапқы қал­пы­на келтірілген. Кур­ха­ус іскерлік іс-ша­ралар, конг­рес­тер, кон­церт­тер мен басқа да мәде­ни іс –ша­ралар өткізу ор­та­лығы бо­лып та­была­ды. Бад Рай­хен­хальдің Көркем ака­деми­ясы көпте­ген су­ретшілер мен өнер адам­да­рының шығар­ма­шылық да­му­ына мүмкіндік бе­реді.

Кезінде ай­мақтың тұзды өндіріс ор­та­лығы болған қала бүгінге дейін өзінің бай та­рихи ар­хи­тек­ту­расы­мен, же­ке меншік вил­ла­лар­дың алу­ан түрлілігімен және не­оро­ман­ти­калық стил­де са­лынған ес­керткіштер мен ка­фед­ралды со­бор­лар мен шірке­улерімен ту­рис­терді қызықты­рады. Ескі қала мен Фло­ри­ана квар­та­лы арқылы ескі кре­пос­ной­лық қабырғаның қал­дықта­ры өтеді. Бад Рай­хен­хальдің үш шақырымға со­зылған жа­яу жо­лының бойы сәулетті га­лере­ялар­мен, бу­тик­тер, пас­саждар мен дүкен­дерге бай. Әуесқой­лар қала­дан көпте­ген дәстүрлі ба­вар сы­ра, ин­терна­ци­онал­ды тағам­да­рымен белгілі мей­рам­ха­налар, жай­лы көше ка­фелерін та­ба ала­ды.

Ши­пажай­дың ма­ман­да­нуы

Баль­не­оло­ги­ялық ши­пажай өзінің емдік альпі кли­маты мен тұзды қай­нар көздерімен, міне 150 жыл бойы белгілі. Та­биғи тұздар, емдік бал­шықтар, қарағай иісіне толған ауа және емдік альпі кли­маты жеңіл ты­ныс­тағысы кел­гендер­ге жүз жыл­дан бері көмек­тесіп ке­леді.

Со­нымен қатар ши­пажай ма­ман­да­ну­ына рев­ма­толо­ги­ялық, қимыл-қозғалыс ап­па­рат­та­рының ауруы, тері, ги­неко­логи­ялық және ба­ла ауру­ларын ал­дын алу мен ем­деу кіреді.

Кли­ника­лар

«Ре­гент Лу­ит­польд хан­за­да» кли­ника­сы

Бад Рай­хен­халь кли­ника­сы

Ем­деу көрсетілімдері:

  • Жоғарғы және төменгі ты­ныс жол­да­рының ауру­лары (демікпе, со­зыл­ма­лы брон­хит, өкпе эм­фи­зема­сы);
  • Ал­лерги­ялық және со­зыл­ма­лы ауру­лар;
  • Ба­лалар­дың ты­ныс жол­да­ры мен тері ауру­лары;
  • Жүй­ке ауру­лары;
  • Опе­раци­ядан кейінгі ре­аби­лита­ция;
  • Ги­неко­логи­ялық ауру­лар;
  • Омыртқа ауру­лары;
  • Жүрек мен қан ай­на­лым ауру­лары;
  • Қимыл-қозғалыс ауру­лары;
  • Зат ал­ма­судың бұзы­луы (мы­салы, тұз бай­ла­ну ауруы).

То­лығырақ:

  • Ал­лерги­ялық ауру­лар
  • Күй­зе­луге қар­сы бағдар­ла­малар
  • Ари­роз, арт­рит, спон­ди­лез, дис­ко­патия
  • Демікпе
  • Ги­неко­логия
  • Ди­абет
  • Күре та­мыр ауру­лары
  • Ты­ныс жол­да­ры ауру­лары
  • Бұлшық ет, сіңір ауру­лары, зат ал­ма­су ауру­лары
  • Омыртқа ауру­лары
  • Бу­ын және дәне­кер тіндер ауру­лары
  • Тері ауру­лары
  • Қан ай­на­лымы­ның бұзы­луы
  • Ұйқының бұзы­луы
  • Ней­ро­дер­миттер
  • Жүй­кенің жұқаруы
  • Қимыл-қозғалыс ап­па­раты ауру­лары
  • Ос­те­оп­роз
  • Ос­те­охонд­роз
  • Ото­рино­ларин­го­логия
  • Бо­санған­нан кейінгі қал­пы­на келтіру те­рапи­ясы
  • Сұлу­лық бағдар­ла­масы
  • Жа­сару бағдар­ла­масы
  • Арықтау бағдар­ла­масы
  • Псо­ри­аз
  • Жа­рақат және опе­раци­ядан кейінгі ре­аби­лита­ция
  • Рев­ма­толо­ги­ялық ауру­лар
  • Жүрек-қан та­мыр­лар жүйесі ауру­лары
  • Им­му­нитетті көте­ру
  • Со­зыл­ма­лы брон­хит
  • Со­зыл­ма­лы по­ли­арт­рит

Тұзды қай­нар көздер

Ауадағы от­тегі мөлшерінің көптігі, альпілік кли­мат пен ми­нерал­ды тұздар ши­пажай­ды қуат бе­ретін қай­нар көзге ай­нал­ды­рып отыр. Тұзды су ағзаға күн сәулесі сияқты маңыз­ды. Ағза­дағы тұздың арақаты­насы теңіздегі тұздың арақаты­насы­на тең ке­леді. Те­реңнен шығатын та­биғи тұзды қай­нар суы ме­дици­налық және кос­ме­тика­лық мақсат­та қол­да­ныла­ды. Ол ты­ныс жол­да­рын та­зар­та­ды, ағза­ның қорғаныш күштерін арт­ты­рады, за­лал­сыздан­ды­рады және нығай­та­ды. Тұзды су ин­га­ляция, та­мақты шаю мен тұзды ван­на­лар үшін қол­да­ныла­ды.

Та­мақты шаю мен ты­ныс жол­да­рын та­зар­ту үшін 0,5–0,7 % тұзды су жа­рай­ды

Бад Рай­хен­хальдің та­биғи тұзды қай­нар су­лары дерт­тер­ден құты­лудың сенімді, сы­нақтан өткен та­биғи ши­пасы бо­лып та­была­ды. Тұздың құра­мын­дағы ми­нерал­ды зат­тар теріге жағым­ды әсер ету­мен қатар, тері ауру­ларын (ней­ро­дер­мит, псо­ри­аз) ем­де­уге көмек­те­седі.

Тау қарағайы

Осы ай­мақтың емдік қаси­еті бар зат­тың бірі – та­удың қарағайы: 1856 жы­ры Бад Рай­хен­хальдің дәріха­нашы­сы мен көпжыл бур­го­мистр болған Ма­ти-ас Мак қарағай­дан алы­натын эфир май­лар мен сығын­ды­лар­дың емдік қаси­ет­терін ашқан.

Та­за тау ауасы мен күн сәуле­лерінің тіке­лей әсерінен ағаш­та емдік зат­тар пай­да бо­лады. Осы ағаш­тан алынған эфир май­ла­ры мен сығын­ды­лар ин­га­ляция, сон­дай-ақ им­мундық жүйені көте­ру мақса­тын­да ван­на­ларға қоса­ды. Олар тек қана теріге ғана емес, со­нымен бірге ты­ныс жол­да­рына да жағым­ды әсер етеді.

Емдік бал­шық

Та­биғи бал­шықтың қуат бе­ретін күші ер­те­ден-ақ белгілі. Саз­балшық ван­на­лары­на түсу, сон­дай-ақ саз­балшыққа ора­ну өте пай­да­лы. Емдік бал­шықпен ем­деу ас қоры­ту жүйесін қал­пы­на келтіреді. Емдік бал­шық омыртқа және арқа ауру­лары­на, сон­дай-ақ рев­ма­толо­ги­ялық ауру­лар­ды ем­де­уде тиімді.

Бад Кис­синген ши­пажайы

Жа­сыл бақтар мен са­ябақтарға тұнып тұрған Бад Кис­синген En­tente Flo­rа­le 2004 — «Еуро­паның ең гүлден­ген қала­сы» ин­терна­ци­онал­ды байқауын­да Еуро­палық жүлде ал­май тұрып-ақ, ту­рис­терді және қала тұрғын­да­рын қызықтырған. Бұл – көркем са­ябақтар мен гүлден­ген бау-бақша­лар қала­сы. Ши­пажай са­ябағын­да, жа­яу жол мен са­уда алаңда­рын­дағы өсіп тұрған көпте­ген тро­пика­лық паль­ма­лар оңтүстік ел­дерді ес­ке түсіреді.

Ай­тпақшы, Бад Кис­сингенді «Гер­ма­ни­яның ең та­за қала­сы» деп атай­ды.

Қала ор­та­лығы ба­вария ко­роль­дерінің нұсқаумен XIX және XXғасыр­ларда Frid­rich von Gart­ner и Max Litt­mann сияқты атақты сәулетшілер салған ғажап құры­лыс­тармен ерек­ше­ленеді, ал ба­зар алаңының ай­на­ласын­дағы Фран­кондық ар­хи­тек­ту­ра ай­мақпен тығыз бай­ла­ныс­та болған­дығын көрсе­теді. ХХ ба­сын­да югенд­стилінде са­лынған вил­ла­лар­дың ал­ды Бад Кис­сингеннің ұлы та­рихын ба­ян­дай­ды.

Ме­дици­на, тех­но­логия, ар­хи­тек­ту­ра мен мәде­ни­ет са­ласын­дағы ин­но­ваци­ялық әдістерді ерек­ше атап өту ке­рек.

Бад Кис­синген – бұл жоғары деңгейлі және жоғары та­лап­ты қала.


Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954