член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Швейцарияның медициналық орталықтары

Швей­ца­ри­яның ме­дици­налық ор­та­лықта­ры

Швей­ца­рия – ме­дици­на са­ласын­да шексіз мүмкіндіктері бар; жаңа тех­ни­калық жаб­дықтар­ды қол­да­на оты­рып, ме­дици­налық қыз­мет көрсе­ту түрлерінің кең түрі бар ел­дердің бірі. Ел­де әлемнің ең үздік ма­ман­да­ры бірле­се жұмыс істейтін же­ке кли­ника­лар желісі жұмыс істейді. Же­ке кли­ника­лар па­ци­ент­тердің ба­бын та­бу мен білікті пер­со­нал­дарды да­яр­лау мәсе­лесіне үлкен мән бе­реді. Же­ке кли­ника­лар­да ке­ремет инф­рақұры­лым жа­салған: опе­раци­ялық блок, жақсы жаб­дықталған және жай­лы бөлме­лер, бірінші деңдейлі та­мақта­ну. Әрбір па­ци­ент­тер үшін та­мақта­нудың же­ке бағдар­ла­масы жа­сала­ды. Кли­ника­да па­ци­ент­тердің өте жақын ту­ыс­та­ры бірге бо­ла ала­ды.

Кли­ника ұра­ны «Біздің міндетіміз – Сіздің мәсе­леңізді шешіп бе­ре ала­тын дәрігерді таңдауға көмек­те­су. Сіздің ем қабыл­да­уыңыз­ды ұйым­дасты­ру жоғары дәре­жеде өтуіне бар күшімізді са­ламыз!».

Hirs­lan­den кли­ника­лар желісі

Швей­ца­ри­ядағы жаңа за­мана­уи жаб­дықтар­мен жаб­дықталған ең та­нымал кли­ника­лар­дың бірі бо­лып та­была­ды.

Кли­ника жұмы­сының негізгі ұста­ным­да­ры:

  • Па­ци­ент­тердің ба­бын та­бу;
  • Ме­дици­налық пер­со­нал­дардың жоғары біліктілігі:
  • Жаңа зерт­те­мелер мен тех­но­логи­ялар негізінде жұмыс істеу.

Hirs­lan­den кли­ника­лар желісіне төмен­дегі кли­ника­лар жа­тады:

  • Im Scha­chen кли­ника­сы, Аарау
  • Be­au-Si­te кли­ника­сы, Берн
  • Per­ma­nen­ce кли­ника­сы, Берн
  • Sa­lem гос­пи­талі, Берн
  • And­re­as кли­ника­сы, Хам Цуг
  • Am Ro­sen­berg кли­ника­сы, Хай­ден
  • Bo­is-Cerf кли­ника­сы, Ло­зан­на
  • Ce­cil кли­ника­сы, Ло­зан­на
  • Birs­hof кли­ника­сы, Мюн­хенш­тайн
  • Be­la­ir кли­ника­сы, Шаф­ха­узен
  • Hirs­lan­den кли­ника­сы, Цю­рих
  • Im Park кли­ника­сы, Цю­рих

Валь­монт кли­ника

Валь­монт кли­ника­сы Ле­ман көлі мен Грам­монт та­ула­рының ара­сын­да ор­на­ласқан. 1905 жыл­дан бері, яғни ашылған­нан бері ха­лықара­лық та­нымал­дыққа ие.

1994 жыл­дан бері кли­ника ми, жұлын және пе­рифе­ри­ялық жүй­ке­лердің ин­сультін алған па­ци­ент­терді нев­ро­логи­ялық ре­адап­та­ция бағдар­ла­масы бойын­ша ма­ман­да­нуда.

Валь­монт кли­ника­сы көппәнді ем­деу те­рапи­ясы мен ре­аби­лита­ция кур­сын ұсы­нады.

Вер-Пре кли­ника­сы

Уро­логия, ги­неко­логия мен прок­то­логия са­лала­ры бойын­ша ма­ман­да­нушы кішігірім кли­ника. Кли­ника өз па­ци­ент­теріне ми­ни­ин­ва­зивті хи­рур­гия, мик­ро­хирур­гия мен ла­зерлі хи­рур­гия сияқты жал­пы хи­рур­ги­яның ауыр опе­раци­яла­рына бейімдел­ген ме­дици­налық құры­лым­ды ұсы­нады.

Вер-Пре кли­ника­сының тағы бір ма­ман­данды­рылған бөлімі – ол плас­ти­калық хи­рур­гия.

Кли­ника ғима­раты 1997 жы­лы то­лық жөндеу жұмыс­та­рынан өткен. Үлкен әрі жа­рық бөлме­лер, мәнер­леп жа­быс­ты­рылған үй төбесі, же­ке па­лата­лар­дағы ка­мин­дер, за­мана­уи жиһаз­дар па­ци­ент­тер үшін опе­рацияға дейін және опе­раци­ядан кейінгі қолай­лы жағдай жа­сай­ды.

Дэ Гран­жетт кли­ника­сы

Дэ Гран­жетт кли­ника­сы 1933 жы­лы құрылған және Же­нева ор­та­лығынан бірне­ше ми­нут­тық жер­дегі ты­ныш, са­ябақпен қор­шалған аудан­да ор­на­ласқан. Кли­ника ги­неко­логия, аку­шерлік са­ласын­да ма­ман­данған, және ол бе­де­улікті ем­деу әдістерімен та­нымал.

Же­нераль Болье кли­ника­сы

Же­нераль Болье кли­ника­сы 1899 жы­лы құрылған және Швей­ца­ри­яның ал­дынғы қатар­лы тех­но­логи­ясы бар алғашқы кли­ника­лары­ның бірі бо­лып та­была­ды. Бұл дәстүрді бүгінгі күнге дейін сақта­уда. Ерек­ше Da Vin­ci ро­боты (Швей­ца­ри­яда 2 ғана) және ме­дици­налық тех­но­логи­ялар­дың жаңа жетістіктері ла­парас­ко­пи­ялық хи­рур­ги­яда тиімді опе­раци­ялар жа­са­уды арт­ты­рады. Же­нераль Болье кли­ника­сы бар­лық рак өзгерістерін та­бу үшін жаңа зма­на­уи тех­но­логи­яла­ры бар аку­шерлік, ги­неко­логия мен ядерлі ме­дици­на ор­та­лығы бо­лып та­была­ды.

Же­нолье кли­ника­сы

Же­нолье кли­ника­сы Же­нева мен Ло­зан­на ара­сын­дағы төбе­де ор­на­ласқан. Кли­ника те­резе­лерінен Ле­ман көліне және Швей­ца­рия альпісіне ке­ремет көрініс ашы­лады.

Же­нолье кли­ника­сы рак ауру­лары­ның әртүрлі түрлерін та­бу мен те­рапи­ясы жағынан тиімді кли­ника­лар­дың бірі бо­лып та­была­ды. Бір ғима­рат­тың ішінде он­ко­логия инс­ти­туты; ра­ди­оло­гия ор­та­лығы мен хи­рур­гия бөлімі ор­на­ласқан.

Кли­ника жүрек-қан та­мыр­лар ауру­ларын ем­деу са­ласын­да ха­лықара­лық та­нымал­дыққа ие бол­ды.

Шлосс Мам­мерн кли­ника­сы

Шлосс Мам­мерн кли­ника­сы Конс­танс көлінің жағасын­да ор­на­ласқан, жан-жағы 90,000 аумақты алып жатқан са­ябақпен қор­шалған. Кли­ника жүрек, рев­ма­толо­ги­ялық, ор­то­педи­ялық және басқа да ауру­лар­ды ре­аби­лита­ция са­ласын­да ма­ман­данды­рылған. Бұнда са­уығу ке­зеңі жай­лы өту үшін бар­лық жағдай­лар жа­салған: бел­сенді және ен­жар фи­зи­оте­рапия, гим­насти­ка, се­ру­ен­дер, эр­го­мет­ри­калық тре­нинг, ем­де­уші дәрігердің үнемі бақыла­уын­да бо­лу, және басқалар. Ал бос уақыт­та же­ке жағажай, 2 қауыз, бил­ли­ард, үстел үсті тен­нисі, жазғы шах­маттар, па­роход­пен се­ру­ен­деу және үлкен кітап­ха­на ұсы­ныла­ды.

Ин­зель­шпи­таль кли­ника­сы

Ин­зель­шпи­таль кли­ника­сы Берн ескі қала­сына жақын, ты­ныш жер­де ор­на­ласқан. Гос­пи­тальдің бірне­ше ғима­раты бар және үлкен аумақты алып жа­тыр.

Бар­лық па­лата­лар тех­ни­каның соңғы үлгілерімен: мед­би­келерді шақыруға, ыңғай­лы жа­ту үшін төсекті басқаруға ар­налған тетіктері бар, та­мақта­ну үстелі бар, жа­рықты, те­леди­дар­ды, ра­дио мен те­лефон­ды басқаруға ар­налған қосым­ша тетіктері бар төсек­термен жаб­дықталған. Әрбір па­лата­да ауыр науқас­тар үшін ыңғай­лы жу­ына­тын бөлме және дәрет­ха­на бар. Кли­ника­ның бірінші қаба­тын­да мей­рам­ха­на, дүкен, дүңгіршек, так­си, пош­та, те­лег­раф және т. б. бар.

Қала­уыңызға қарай орыс­ша сөй­лейтін аудар­ма­шы, орыс тілінде экс­кур­сияға тап­сы­рыс бе­руге бо­лады.

Бөлімдер:
  • Анес­те­зи­оло­гия, қарқын­ды и же­дел жәрдем көрсе­ту;
  • Эн­докри­ноло­гия, ана мен ба­ла бөлімі, ги­неко­логия;
  • Дер­ма­толо­гия, уро­логия, рев­ма­толо­гия, нев­ро­логия;
  • Жүрек-қан та­мыр ауру­лары;
  • Ор­то­педия, плас­ти­ка;
  • Ор­та­лық және пе­рифе­ри­ялық жүй­ке жүйелері;
  • Он­ко­логия, ге­мато­логия;
  • Асқазан, бүй­рек, ба­уыр ауру­лары;
  • Ра­ди­оло­гия, ней­ро­логия, мо­леку­ляр­лық ме­дици­на; және басқалар.

Ле­ман кли­ника­сы

Cell­vi­tal жа­суша­лық те­рапия Ле­ман кли­ника­сының Са­уықты­ру ор­та­лығының ерек­ше жетістігі.

Ле­ман кли­ника­сының Са­уықты­ру ор­та­лығы Еуро­паның ең әдемі жер­лерінің бірі – Же­нева көлінің жағасын­дағы бесжұлдыз­ды Ro­yal Pla­za қонақүйінде ор­на­ласқан. Сіз ашық тер­ра­садан же­рор­та­теңіздің мик­рокли­маты Альп пен Во­ду­аз Ривьердің ке­ремет көрінісін та­машай ала­сыз. Ро­яль Пла­за – Же­нева көлінің жағасын­да ор­на­ласқан Монт­ре­дегі жалғыз бесжұлдыз­ды қонақүйі. Же­нева әуежайынан бір сағат­тық қашықтықта ор­на­ласқан қонақүй өзінің қонақта­рына әртүрлі ка­тего­ри­ялы 146 та­маша бөлме­лер ұсы­нады.

Сіз жай­лы­лық, са­па мен қыз­мет көрсе­ту үй­лес­кен жерді ар­мандай­тын бол­саңыз? Мәрмәр еден­дер, мыс­пен жа­быс­ты­рылған биік үй бөлмесі, үлкен көріністі те­резе­лер, ашық түсті және ыңғай­лы жиһаз­дар – бар­лығы Сіздің жай­лы­лығыңыз үшін жа­салған.

Қонақүй­де ор­на­ласқан мей­рам­ха­на ха­лықара­лық және жергілікті тағам­дар ұсы­нады, қыз­мет көрсе­ту жоғары деңгей­де өтеді. Мей­рам­ха­на ас­па­зы Же­нева көлінен ауланған ба­лықтан ерек­ше дайын­далған тағамын ұсы­нады.

Көлдің жағасын­дағы «Ca­fe du Lac” ка­фе-дәмха­насы ланч пен түстен кейінгі уақыт­та жеңіл тағам, со­нымен қатар бұнда Сізге балмұздақ, ко­фе мен шай ұсы­нады.

»Bel­ve­dere” мей­рам­ха­насы таңғы ас ішемін де­ушілер­ге, де­малыс күндерін не­месе әртүрлі тағам­дық тақырып­тағы кеш өткіземін де­ушілер­ше әрдайым есігі ашық. Со­нымен қатар, мей­рам­ха­на же­ке тап­сы­рыс бе­ру қабыл­дай­ды.

Cell­vi­tal те­рапи­ясы­ның қал­пы­на келтірудің үш күндік және бес күндік бағдар­ла­масы

Емдік курс

1. Ме­дици­налық тек­серілу: зерт­ха­налық ана­лиз­дер, бас дәрігердің қара­уы, ал­лергия анықтау үшін тері тесті, элект­ркар­ди­ог­рамма.

2. Cell­vi­tal те­рапи­ясы бір се­анс­та егілетін 4 бұлшық ас­ты ине­лер кіреді.

3. Мед­би­келердің тәулік бойы бақыла­уы

4. Бас дәрігердің күн сайынғы ме­дици­налық кеңесі.

Cell­vi­tal те­рапи­ясы үш күндік және бес күнді бағдар­ла­масы бірдей.

Бескүндік бағда­лама тиімдірек, өй­ткені сағат­тық бел­де­удің өзге­руіне үй­ре­нумен қатар (басқа ел па­ци­ент­тер) Во­ду­аз Ривьер­ден ляз­зат алуға мүмкіндік бе­реді.

Кли­никаға ке­лушілер­ге біздің кеңесіміз.

Үшкүндік бағдар­ла­ма – жек­сенбі күннен сәрсенбіге дейін

Бескүндік бағдар­ла­ма – жек­сенбіден не­месе дүй­сенбіден

Сон­да тұру кірмейтін бағдар­ла­ма құны

Үшкүндік бағдар­ла­ма (3 — day Cell­vi­tal The­rapy) — CHF 10 600. -

Бескүндік бағдар­ла­ма (5 – day Cell­vi­tal The­rapy) — CHF 12 200. -

Үшкүндік бағдар­ла­ма Bo­os­ter (3 — day Bo­os­ter Cell­vi­tal The­rapy) — CHF 6 600. -

Бескүндік бағдар­ла­ма Bo­os­ter (5 – day Bo­os­ter Cell­vi­tal The­rapy) — CHF 7 600. -

Cell­vi­tal те­рапи­ясы

1952 жы­лы Аль­фред Пфис­тер тәжіри­беге Cell­vi­tal жа­суша­лық те­рапи­ясын енгізді. Бұл те­рапия бүгінгі таңға дейін Ле­ман кли­ника­сының Са­уықты­ру ор­та­лығының ерек­ше жетістігі бо­лып та­была­ды.

1985 жы­лы ма­дам Де­низ де Лое-Пфис­тер әкесінің ісін жалғас­тырды. Ол мыңдаған па­ци­ент­тер мы­салын­да өзінің тиімділігін дәлел­де­ген Cell­vi­tal әдісін да­мыт­ты.

Cell­vi­tal те­рапи­ясы де­геніміз не?

Жа­зуша­лық те­рапия негізінде би­оло­ги­ялық бел­сенді зат­тарды ын­та­лан­ды­ра оты­рып, би­оло­ги­ялық жағынан әлсіре­ген жа­суша­ларға эмб­ри­онал­ды тіндердің би­оло­ги­ялық бел­сенді сығын­ды­ларын ге­нети­калық ақпа­рат­тарды та­су қабілеті жа­тыр. Бұндай жұмы­сының нәти­жесі ағза­ның жа­сару­ына алып ке­леді.

Cell­vi­tal те­рапи­ясы­на не­ше па­ци­ент­тер қабыл­да­ды?

Соңғы 50 жыл­дың ішінде әлемнің 1000 жуық па­ци­ент­тері Cell­vi­tal те­рапи­ясын қабыл­да­ды.

Cell­vi­tal жа­суша­лық те­рапи­ясы­ның ерек­шелігі не­де?

Cell­vi­tal те­рапи­ясы ал­дын алу ме­дици­наға жа­тады, ол қар­та­юдың алғашқы белгілерінде ғана емес, па­ци­енттің жа­сына қара­мас­тан қол­да­ныла бе­реді. Бірне­ше ай­лар не­месе жыл­дар бойы па­ци­енттің ден­са­улығы мен жа­сына қарай белгілі бір ор­ганда­ры мен эн­докринді безіне әсер ету.

Cell­vi­tal жа­суша­лық те­рапи­ясы ағза­ның бел­сенді жа­суша­сын ын­та­лан­ды­ру мен қал­пы­на келтіру мақса­тын­да қой ұрығының ор­га­ны мен эн­докринді безінен алынған бел­сенді жа­суша­лық сұйықтықты бұлшық ас­ты енгізу бо­лып та­была­ды. Берілген әдісті қол­да­ну Швей­ца­рия Ден­са­улық сақтау Фе­дера­тивті қыз­меті мақұлдаған және қол­да­ну қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан бар­лық та­лап­тарға жа­уап бе­реді.

Cell­vi­tal те­рапи­ясы кімге арн­лаған?

  • Тіршілік қуаты­ның төмен­деуі
  • Жұмыс­тағы күй­зеліс
  • Де­не және пси­холо­ги­ялық шар­шау
  • Мо­тива­ци­яның жетіспеуі мен күй­зеліс
  • Им­мундық жүйенің әлсіреуі
  • Ағза­ның уақыты­нан бұрын қар­та­юы мен ор­гандар­дың (жүрек, өкпе, ба­уыр, бүй­рек, ас қор­ты­ту жүйесі, қан ай­на­лым жүйесі) әлсіреуі
  • Арт­роз
  • Эн­докринді жүйесі ауру­лары
  • Ме­нопа­уза­мен бай­ла­ныс­ты ту­ын­даған қиын­дықтар
  • Белсіздік
  • Күй­зеліс кезіндегі ве­гативті-жүй­ке жүйесінің әлсіреуі
  • Со­зыл­ма­лы ауру­лар (бас сақина­сы, нев­ралгия, арқа ауруы, сегізкөздің қабы­нуы, бас ауру­лары)
  • Жүрек-қан жүйесінің ар­те­ри­оск­ле­розы
  • Ауру мен опе­раци­ядан кейінгі асқыну



Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954