член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Түрген сарқырамалары (Қазақстан)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: по запросу

Тапсырыңызды жіберу үшін аты-жөніңізді тіркеңіз. Егер Сіз тіркеу жазбасында болмасаңыз, тіркеуден өтіңіз.

Бағасы:5000 тенге Саны: адам

Турдың ұзақтығы: 1 күн

Маусымы: мамыр-қыркүйек

Адам басына шаққандағы құны: 5500 тенге (Аюлы)/ (Қайрақты)

Жиналу орны: 08:00 Орталық стадион

Жеңіл көлікпен екі жақ бағытқа – 3 сағат

Екі жақ бағыттағы арақашықтығы – 160 км

Жаяу жүру арақашықтығы – 3-тен дейін

Белсенді демалыс үшін ұсынамыз.

Турдың сипаттамасы мен бағдарламасы

Берілген біркүндік тур мамырдан қазанға дейін сенбі және жексенбі күндері апта сайын өтіп тұрады. Бұл турдың екі варианты бар.

Бірінші варианты – биіктігі шамамен 74 метрлі Аюлы сарқырамасы. Аюлы сарқырамасына саяхаттаушылардың барлығы екі жақ бағытты жаяу жүреді. Маршрут кішкентай тау өзінінің бойындағы жалғыз аяқ жолмен өтеді. Бұл маршрут арнайы дайындықты керек етпейді, оны бала да, қария да өте алады. Автобус Сізді маршруттың басталу жеріне күндізгі сағат 11-лер шамасында әкеледі. Сағат бірде алғашқы туристер кері қайтатын жолға түседі.

Сізді бастаушы гид автобуспен Түрген өзенінің қасындағы демалыс орнына апарады, бұнда сіз тамақтана және демала аласыз. Сағат 16.00 шамаларында Сізді жон балық шаруашылығына апарады. Мұнда Сізге шаруашылықпен танысу және егер қаласаңыз, жон балықты сатып алу үшін 40 минут беріледі. Содан кейін Сіз Қиялы бұлақ кешені мен осы аттас қайнар көзіне барасыз. Маусым мен тамыз айларында қосымша төлемге тау өзенімен рафтамен төмен түсу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Сағат 18:30 автобус Сізді кері қалаға жеткізеді. Тур бойы Сізбен бірге гид жүреді, ол Сізге біздің қаламыздың, оның тарихы, біздің аймақтың археологиялық қазбалары, Іле-Алатау ұлттық саябағының фаунасы мен флорасы жөнінде қызықты да, пайдалы ақпарат береді.

Турдың екінші варианты – бұл Қайрақты сарқырамасы бойынша маршрут. Оның биіктігі 55 метрді құрайды. Оған барар жол табиғаты көркем әрі ғажайыпқа толы жерлерден өтеді. Бір жақ маршруттың арақашықтығы. Бұл 5 сағат жаяу жүрісті білдіреді.

Сарқырамаға барар жолда Сіздің Шыңтүрген шыршалы орманға баруыңызға мүмкіндігіңіз бар. Шатқал өзінің көненің көзі, жер бойына жайылып біртегіс шырша кілемін түзетін ШыңТүрген қыналы шыршаларымен танымал. Бұл шыршалар қалыңдығы 30- қынада өседі. Бұл неліктен бұлай болған? Өйткені мұз дәуірінен бері осы бір тар шатқалға күн сәулелері түспейді. Сондықтан ағаш тамырлары жерде өсе алмайды, олар қынада өседі. Шыңтүргендік қына шыршалары табиғат ескерткіші болып табылады және ол ЮНЕСКО мен мемлекет тарапынан қорғалады. Оған бару үшін Іле Алатау саябағының әкімшілігінен рұқсат алу керек және оны аралау саябақ қызметкерлерінің қарауымен жүзеге асырылады. Рұқсатсыз аралау броконерлік болып табылады да, ҚР заңдарымен қудаланады. Бұл тур бірінші турдан қарағанда ұзақтау, сондықтан бағасы да қымбаттау және сапар ұзақтығы да ұзақтау.

Ұсынылған экскурсияның қайсысында болмасын, Сіз табиғат аясында жақсы демаласыз және сәті түссе елік пен маралды көре аласыз, жабайы итмұрын мен бүлдірген дәмін тата аласыз.

Іле Алатау табиғи саябағы туралы қысқаша ақпарат

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында 47 сүтқоректілер, 148 құс, 8 жорғаушылар, 2 қосмекенділер мен 8 балық түрлері бар.

Олай болса, саябақ шекарасында 213 омыртқалы жануарлар бар. Омыртқасыздардың жалпы саны әлі күнге дейін белгісіз. Ғалымдардың бағалауы бойынша 1500 түрі бар. ҚР қызыл кітабына енген саябақтағы омыртқалы жануарлар:

Құстың 13 түрі;

Сүткоректілердің 8 түрі;

Балықтың бір түрі: іле маринкасы.




turgenturgen1

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954