член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Швейцария - Австрия - Германия (Германия)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: 429400 KZT Кол-во: чел.

Адамдар әрқашан да саяхаттауды ұнатады. Сізді алдыңыздан жаңа, таныс емес дүние күтіп тұрса, жүрегіңіз алдағы болатын қуынышты оқиғалар мен саяхаттан қаттырақ дүрсілдеп қояры сөзсіз. Бірақ біз әрдайым қалаған нәрсемізді көре алмаймыз. Оның әртүрлі себептері бар.

Олардың бірі – ақша. Өкінішке орай, біз оған жиі тәуелдіміз.

Бірақ біз Сіз үшін олигархтар мен бай адамдар жақсы көретін қалалар мен шипажайды көруіңізге мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарлама ойлап таптық. Ол үшін Біз екі елді – Швейцария мен Австрияны алуды шештік. Бірақ біз әлемнің ауқатты адамдары келетін кештер жиі өтіп тұратын шипажайлар мен орындарды таңдадық.

Олай болса, армандар орындалады!!!






Тапсырыңызды жіберу үшін аты-жөніңізді тіркеңіз. Егер Сіз тіркеу жазбасында болмасаңыз, тіркеуден өтіңіз.

Бағасы: тапсырыс бойынша

1 күн (Бейсенбі). Вена

Арман бірінші: Вена — бұл әйгілі опера.

Венада бола тұра операға бармау? Бұған жол бермеу керек! Венада В. А. Моцарт, Ц. Бетховен және басқа да атақты композиторлар, ақын-романтик Ф. Грильпарцер, жазушы С. Цвейг, жаратылыстанушы Г. И. Мендель және басқа да ғылым мен мәдениеттің ірі қайраткерлері өмір сүрген.

Венаға ұшып келу.

Қонақүйге жеткізу.

Орналастыру.

2 күн (Жұма). Вена

Арман екінші: шопинг

Венаның танымал дүкендер көшесі Марияхильферштрассе Ескі қаладан Батыс вокзалға дейін. Бұнда Сізді сәнді киімдер, әшекейлерге толы жүздеген дүкендер көзіңіздің жауын алады. Кертнерштрассе айналасында қымбат зергер мен иіс су дүкендері орналасқан. Ал әрбір сенбі сайын веналық бит базары ерекше заттар жинаушылар үшін таптырмас орынға айналады.

Қонақүйде таңғы ас ішу. Қала ішін аралау. Бос уақыт. *

3 күн (Сенбі). Вена — Зальцбург — Инсбрук

Арман үшінші: Соли қаласы– Альпі — монастырлар

Қонақүйде таңғы ас ішу.

Зальцбургке келу.

Қала ішін аралау.

Зальцбург (Salzburg, «Соли қаласы») —Зальцбург жерінің әкімшілік орталығы. Зальцбург өзі аттас провинцияның солтүстік-шығыс бөлігінде Германияның шекарасында орналасқан.

Қала теңіз деңгейінен 425 метр биіктіктегі Альпіде орналасқан. Қала Зальцах өзенінің екі жағасына қоныс тепкен. Қаланың тұрғындары 45.000 адам.

Зальцбург — Моцарт дүниеге келген және ХХ ғасырдың атақты дирижері Герберт фон Кароян өмір сүрген қала. Зальцбург — классикалық музыка қаласы; қаңтарда «Моцарт патасы», жазда опера өнері мен концерттік бағдарламалар фестивалі өтеді.

Монах киімдерін киген адамдар бұл қала үшін үйреншікті көрініс. Бұнда рухани білім беретін оқу орындары, соның ішінде университеттің теологиялық факультеті бар. Тіпті қала сыртындағы таулардың атаулары да монахтықпен байланысты аталған: Зальцахтың батыс жағасында Менхсберг (монахтық), ал шығыс жағасында Капуцинерберг (капуциндер тауы) бар.

Зальцбургтің символдарының бірі —Hohensalzburg бекінісі. Оның тарихы XI ғасырдан, яғни ағаш бекіністер болған кезден басталады, кейіннен тас қабырғалар, одан кейін алты ғасыр бойы бекініс үздіксіз кеңейіп, қайта салынып отырды. XYI ғасырда аяқталған ол, Отыз жылдық соғыс кезінде бұзылмас бекініс болды.

Инсбрукке келу. 3–4* қонақүйге орналастыру

4 күн (Жексенбі). Инсбрук — Княжество Лихтенштейн — Интерлакен

Арман төртінші: мұздықтар – Лихтенштейнский княздың сарайы – екі көл арасындағы қала.

Қонақүйде таңғы ас ішу.

Қала ішін аралау.

Инсбрук тарихы 800 жылды құрайды. Қала Бреннер альпі асуларының етегінде орналасқан.

Қала XII ғасырдың аяғынан Инн өзенінің бойында пайда болған. Максимилиан I қаланы Габсбургс империясының орталығы етіп, бұнда Еуропаның ірі арсеналын салды (1502 г.). Университет негізі қаланғаннан бері (1669 г.) ескі ортағасырлық қала көне шіркеулер мен барокко стилінде салынған сарайлармен ұлғая бастады. Инсбурктың әлемге танымал көрікті жерлері: Мария-Теразия мен Әулие Анна бағанасы, Салтанат қақпасы мен Хофбурк сарайы, ұлы Дюрермен аты аңызға айналған қалалық мұнара мен қаланың визит карточкасына айналған «Алтын шаңырақ» барлығы тарихи жәдігерлер, керемет жабайы альпілік қыраттар мен өндірістік көріністер бір бірімен ұтымды үйлескен.

Инсбрукте 1964 мен 1976 жылдары қысқы Олимпиада ойындары өткізілген, сондықтан болар бұнда спорттың қысқы түрлеріне қызығушыларға жағдайдың барлығы бар.

Инсбрукке сырғанаудың 6 ауданы кіреді, олар — Глунгецер, Зеегрубе-Нордкетте (Инсбрук), Пачеркофель (Иглс), Муттерер Альм, Акзамер Лицум және атақты Штубай мұздығы (Нойштифт, Фулпмес).

Лихтенштейн княздығына бару.

Вадуц қаласына саяхат.

Интерлакен қаласына саяхат.

Интерлакен қаласына келгеннен кейін, қала ішін аралау. 15% жеңілдікпен сыйлықтар мен «Кирххофер» дүкенінен сағаттар сатып алу мүмкіндігі бар.

Қонақүйге орналастыру. Кеште бос уақыт *

5 күн (Дүйсенбі). Интерлакен — Юнгфрау

Бесінші арман: Ең әдемі Альпі

Қонақүйде таңертеңгі ас ішу.

Бос уақыт *

Қалауыңыз бойынша — тауға қосымша экскурсия.

  • Вариант 1

Еуропа – Юнгфрауйохтағы теміржол стансасына саяхат.

3454 метр биіктіктегі теміржол орналасқан тауға көтерілу. Бұл обсерваториясы, Мұз сарайы мен Германиядағы Шварцвальдадан Франциядағы Монбланға дейінгі Альпінің керемет көрінісі ашылатын тамашалау алаңы бар альпілік шың болып табылады. Экскурсия 8 сағатқа жоспарланған (пойыз, 10 адамнан құрылған топ үшін орыс тілінде сөйлейтін гидпен бірге, ал 10 адамнан аз топқа гид барлығын айтып береді).

  • Вариант 2

Таңдаулы тау шаңғы Гштаад шипажайына саяхат.

3000 метр биіктікте орналасқан Glacier 3000 тауына арқанды аспалы жолмен көтерілу. Ит жегілген шанамен саяхат жасау мүмкіндігі. Экскурсия 8 сағатқа жоспарланған (автобус, көтерілу, 10 адамнан құрылған топ үшін орыс тілінде сөйлейтін гид).

6 күн (сейсенбі). Интерлакен — Берн — Грюйер — Монтре

Алтыншы арман: швейцариялық ірімшік, швецария парламенті мен женева көлі.

Қонақүйде таңертеңгі ас ішу.

Бернге саяхат.

Аю апаны, Сағат мұнарасы, үкімет ғимараты мен ескі қала қақпасын тамашалау жоспарланған Берн қаласының тарихи орталығына экскурсия жасау.

Экскурсия Раушан гүлдер бағынан басталады, онда ЮНЕСКО құндылығына кіретін ескі қалаға тамаша көрініс ашылады. Аю апанының қасына аялдама. Нидербрюкке көпірінде автобус ескі қалаға кіреді, 16 ғасыр фонтандарын тамашалау мен Эйнштейн үйінің қасына аялдама, Парламент үйін тамашалау. Одан ары қарай тарихи мұражайға, елшіліктердің сәнді кварталына, Кафедралды Соборға бару. Ары қарай фигуралар көрініс көрсететілетін сағаты бар мұнараға, «Балалар алпауыты» фонтанына, Опера театры, Ратушеге саяхат.

Грюйерге саяхат.

Грюйер сарайы орналасқан ортағасырлық ауылға саяхат. Жергілікті ұлттық тағам – фондюның дәмін татып, жаңа істелген швецариялық ірімшік сатып алу мүмкіндігі.

Монтрёге саяхат.

Қонақүйге орналасу. Бос уақыт *

Lavey-Les-Bains жылу су орталығына қосымша саяхат. Емдік қайнар сулар бойыңызды сергітуге көмектеседі. Су асты массаждар сізге жастық пен сұлулықты қайтарып, арқа мен белдегі аурудан құтылуға көмектеседі. Эвкалипт хаммамалар Сіздің тынысыңызды ашады. Ем-домнан кейін бір кесе ыстық шоколад немесе иісі аңқыған тау шөптерінен демделген шай жаныңызды рахатқа бөлер.

7 күн (Сейсенбі). Монтре — Цюрих

Жетінші арман: Цюрих – банктер мен банкирлер қаласы

Қонақүйде таңертеңгі ас ішу.

Цюрихке саяхат.

Банхофштрассе, Фрауэнмюнстер соборы (Марка Шагала витраждары), Нидердорф, Парадеплац тамашалау жоспарланған орыс тілді гидпен бірге Цюрих ішін екі сағат саяхаттау. Автобуспен Орталық вокзал жанынан Университет алаңына бару. «Бель-вю» алаңы, УЕФА, Цюрих көліне бару.

Қонақүйге орналастыру. Кеште бос уақыт *

8 күн (Бейсенбі). Цюрих — Мюнхен

Сегізінші арман: Мюнхен – сыра қаласы

Қонақүйде таңертеңгі ас ішу.

Мюнхенге саяхат. Қала ішіне саяхат.

Қонақүйге орналастыру. Кеште бос уақыт *

9 күн (Жұма). Мюнхен

Қонақүйде таңертеңгі ас ішу.

Әуежайға жеткізу мен үйге кері ұшу.

  • Назар аударыңыз! Туристер бос уақытында қонақүйден немесе қонақүйге өздері жетеді. Қоғамдық көлік, такси мен қонақүй – орталық – қонақүй бағатындағы басқа да көліктер билетінің құны тур құнына КІРМЕЙДІ!

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954