член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Швейцария - Франция (Швейцария)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: 280000 KZT Кол-во: чел.


Тапсырыңызды жіберу үшін аты-жөніңізді тіркеңіз. Егер Сіз тіркеу жазбасында болмасаңыз, тіркеуден өтіңіз.

Бағасы: тапсырыс бойынша

1 күн (Сенбі). Женева

Арман бірінші: Женева –космополит қала.

Женеваға келу – протестанттық Рим, бейбітшілік орнатушылар, сағатшылар мен банкирлер қаласы.

Топты әуежайда қарсы алу қонақүйге жеткізу.

4* қонақүйге орналастыру (назар аударыңыз! Сағат 15.00-ден)

Бос уақыт.

2 күн (Жексенбі). Женева — Лозанна — Веве — Монтре

Арман екінші: Ривьера – женевалық көл, ортағасырлық сарай, жылу сулы қайнар көздер.

Қонақүйде таңғы ас ішу.

Женева ішін автобуспен, жаяу аралау.

Саяхат халықаралық кварталдан басталады.

Сіз Ұлттар мен БҰҰ алаңын, Халыаралық Қызыл Крестті және басқа да дүниежүзілік ұйымдарды өз көзіңізбен көріп, ақ қарлы Альпі тауларының баурайындағы Женева көлінінің керемет көрінісін, Ля Гранж саябағы мен қала символы болып табылатын көлдің ортасынан атқылап тұратын фонтанды тамашалай аласыз! Сізге үлкен гүл сағаты, герцог Брауншвейгскийдің мавзолейі, Руссо ескерткіші мен Орыс Православтық Шіркеуі ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Ескі қалада серуендеп жүрген кезде саябақта үлкен шашкалар мен шахматтармен ойнайтын жергілікті женевалықтар өмірін бақылай аласыз, «Реформаторлар қабырғасы», Әулие Петр соборымен, Әділет сараймен, Ратушамен, Тавель үйімен, коммерциялық кварталмен және Бур-де-Фур ескі алаңымен танысасыз.

Швейцариялық Ривьерге саяхат.

Лозаннаға келу (кантона Во астанасы). Қала террасаға немесе Женева көлінің керемет көрінісіне қарайтын бес төбеде салынған. Табиғаты тамаша Лозанна қаласының мұражайы мен Олимпиада саябағына аялдау.

Чарли Чаплин өмір сүрген және жерленген Веве қаласына келу.

Кереметтігі мен жайлылық, қарапайымдық пен аристократтық, тыныштық үйлесін тапқан қала – ол Веве. Шарап пен шоколад – керемет сусын мен барлығы сүйсініп жейтін тәтті осында жасалады, бұл қала өміріне әсер етпей қоймады. Фестивальдар мен тағамның дәмін тату Веведе мейрам ретінде аталып өтіледі.

Монтреге келу.

Швейцариялық Ривьердің ең әдемі қаласы, джаз, рок пен күлкі фестивалі өтетін жер, Стравинский мен Фреди Меркури, Набоков пен Хемингуэйдің жері. Мүмкін сіз де осы жерден өзіңіздің шығармашылық мансабыңызды бастағыңыз келетін шығар!

Ортағасырлық Шильон сарайына бару (12 ғасыр) — бұл байрондық шильон тұтқынын зынданға тастаған жер (Шильон сарайына кіру билеті тур құнына енгізілген).

Фредди Меркури монументінің қасына аялдау.

4* қонақүйге орналастыру.

Бос уақыт.

Lavey-Les-Bains жылы сулы орталыққа қосымша экскурсия жасау. Емдік қайнар сулар бойыңызды сергітуге көмектеседі. Су асты массаждар сізге жастық пен сұлулықты қайтарып, арқа мен белдегі аурудан құтылуға көмектеседі. Эвкалипт хаммамалар Сіздің тынысыңызды ашады. Ем-домнан кейін бір кесе ыстық шоколад немесе иісі аңқыған тау шөптерінен демделген шай жаныңызды рахатқа бөлер.

3 күн (Дүйсенбі). Монтре — шарап жасаушылар отбасы — Шамони

Арман үшінші: дәмі тіл үйірер шарап, көк татыған ірімшік (деликатес!), женева көліндегі кішігірім кеме, Монблан альпілік шыңы.

Қонақүйдегі таңғы ас.

Женева көлінде кішігірім кемеде саяхат жасау (билет бағдарлама құнына енгізілген). Ғажап көл айдынында параходпен бір сағаттық экскурсия жасау кезінде Сіз керемет айлақтар мен альпілік ақ қарлы шыңдарын, соның ішінде Монблан шыңын тамашалай аласыз.

Кантона Во мен швейцариялық ірімшік тәмін татуға болатын Еуропаның ең биік таулы жүзім өсіретін жерге бару (бағдарлама құнына енгізілген).

Шамониға келу — бұл бірнеше көшелерден ғана тұратын, бірақ альпілік өмірмен рахаттануға, таза тау ауасымен тыныстауға және шудан демалуға мүмкіндік беретін кішігірім француз қалашығы. Сізді табиғаты көз қызықтырар дала мен шалғындар әлемі күтіп тұр.

Монблан шыңына шығу (кіру билеттері тур құнына енгізілген). Ғажайып көрініс 3842 метр биіктікте орналасқан «Оңтүстік Ине» деп аталатын жерден басталады, Сіз ол жерге Еуропаның ең биік арқанды жолымен көтерілесіз.

Еуропаның ең биік тауы Монблан тауының баурында түскен фотосуретіңізді достарыңыз мен туыстарыңызға мақтанышпен көрсете аласыз.

Mer de Glace – «Мұз көлі» атақты мұздығына түсу.

Ғажап, басқа планеталық пейзаж. Космостық жарық ұзындығы 7 км, ені 200 м ақ қарлы алаңнан шашырап шығып тұрғандай. Биіктіктен басыңыз айналып, деміңіз тарылады. Көз шағылыстырар мұзды әсем гүлдер мен көбелектер арасынан тамашалау ұмытылмас әсер қалдырады.

Мұзды үңгір: Сіз мұздықтың тамаша әлеміне тап боласыз. Люкс класты апартаменттермен: пианино, үстел, орындықтарды, барлық үй интерьері мұздан қашалып жасалған керемет, бірақ суық қонақүйін тамашалаңыз.

Жыл сайын үй жиһазы өзгертіліп отырады. Бұл жолы Сізді не күтіп тұрғанан болжап айту өте қиын.

3*- 4* қонақүйге орналастыру.

Бос уақыт*.

4 күн (Сейсенбі). Шамони

Арман төртінші: демалыс

Қонақүйде таңғы ас ішу.

Бос уақыт*.

Әлемде ерекше ел бар – ол Альпі. Жазда керемет үйлесім мен семіз сиырлардың мойындарына тағылған үлкен қоғыраулар сыңғырына толы болса, қыста шаңғышылардың даусына, ал ұйқылы ауылдар сенімді бірақ тұрақты емес тұрғындарға толады.

Тау шаңғысы бұл демалыс күндердегі демалыс емес. Тіпті бұл эстремальді оқиға емес. Тау шаңғысы – бұл өмір сүру түрі. Бұл нағыз өмірдің өзі емес пе! Шыңның жеңіл таза ауасын жұтып, биікке самғау мен трассаны бағындыру бағын сезіну, түпсіз тереңге түсу кезінде алған сезімді бір рет сезінсеңіз, тауға қайта-қайта қайтып келесіз. Қайта шаңғыға тұрып, сол бір сезімді бастан қайта кешіру үшін төмен қарай самғайсыз.

Альпінің тауда шаңғы тебу әлемі өз заңымен өмір сүреді: мемлекеттік шекаралар бұл жерде шартты, қарлы кеңістікті трассалар мен шипажайлар ғана бөліп тұр.

5 күн (Сейсенбі). Шамони — Межев — Куршавель

Арман бесінші: тау шаңғы шипажайлар, таза ауа, керемет бутигтер. Қонақүйдеші таңғы ас. Межев Королевдік тау шаңғы шипажайына бару. Шопинг үшін бос уақыт. Межев — әлемге аты танымал табиғаты керемет тау шаңғы шипажайы.

Мон-Жоли мен басқа да алаңдардан Монблан тауына керемет көрініс ашылады. Таулар 1000–2500 метрге көтеріледі, 1850 м-ге дейін тауларды шыршалы-майқарағайлы ормандар алып жатыр.

Ауылды шаңғы тебудің үш жолы айнала қоршап жатыр: Рошбрюн-Кот, Мон-д` Арбуа и Ле Жай. Трассалардың ең жоғарғы биіктігі шамамен 2350 м құрайды. Бұл жер шаңғыға жаңадан тұрғандар мен отбасымен демалуға келгендер үшін қолайлы. Жоғары көтерілуге арналған құрылғыда ауыл орталығынан шаңғы тебу жолының кез-келген жеріне жете аласыз. Межев Монблан тауына жақын орналасқан, қалауыңыз бойынша Шамони мен Курмайир аудандарындағы трассаларды (20 км) пайдалануға болады. Женева — Шамони трассасына жақын орналасқан кішігірім қалашық Сен-Жерведен (850 м) гондолмен Мон — д` Арбуа ауданына көтеріліп, кері шаңғымен түсуге болады. Куршавельге бару.

«Егер сен Куршевельде болсаң, сен — жұлдызсың», — деп айтады француздар. Куршевель — дәстүр, ыңғайлық пен люкске талпынған шаңғышылар үшін таптырмас шипажай. Керемет мейрамханалар (кейбіреулері Альпідегі ең үздіктері) мен қонақүйлері Куршевельді әлемге паш етті.

Төрт деңгейде орналасқан (1030, 1550, 1650 и 1850 м) шипажай кез-келген қиындықты трассалары бар тау шаңғы аудан. Қарлы әлемді бағындыру кезінде ұмытылмас әсер аласыз.

Спорттық ойындар: суға жүзу, коньки тебу, парапланда, ұшақ пен әуе шарларында ұшу, қарда жүретін снегоходтар, теннис, сквош, боулинг, бильярд ойындары. 3–4* қонақүйге орналасу. Бос уақыт*.

6 күн (Бейсенбі.). Куршавель — Анси — Женева

Арман алтыншы

Қонақүйде тамақтану. Ансиге бару. Қала ішін аралау. Анси қаласындағы бос уақыт.

Анси (Annecy) — Франция мен Швейцария шекараларында, тау етегінде орналасқан ескі кішігірім шипажай-қала. Анси – Жоғарғы Савойя департаментінің негізгі қаласы, Жоғарғы Савойя департаменті 1860 жылы Францияға Савойяның қосылуы арқасында пйда болған. Департамент солтүстігінен Швейцариямен, ал шығысынан Италиямен шектеседі. Тау көріністері өзінің ғажаптылығымен таң қалдырады. Батыстан шығысқа қарай Садев даласы мен альпілік тау қыраттары (Борн, О-Жифр, Шабле), сондай-ақ биік шыңдары бар тау сілемдерімен, оның ішінде Еуропа төбесі болып табылатын биіктігі 4807 м (4810 соңғы өлшемдер бойынша) Монблан тауы кіреді, ауысады. Жоғарғы Савояйда өзінің табиғат көріністерімен, суының құрамы, тарихы мен дамуы жағынан ерекшеленетін 80 көл бар. Солардың ішінде ең танымалы, суы мөлдірдей тұнық Анесси көлі болып табылады. Ол Ансидің кең дала мен биік таулар арасында көсіліп жатыр. Автотрассалар, теміржолдар мен тунельдердің дамыған желісі қысқа уақыттың ішінде департаменттің кез-келген жеріне жетуге мүмкіндік береді. Өзінің жақсы жерге орналасқанының арқасында Анси көлі осы аймақтағы туристердің ең сүйікті демалыс орын болып табылады. Анси қаласы 120 мың тұрғыны бар қазіргі заманғы қаладан гөрі ертедегі қалаларға ұқсайды. Анессиді гүлдердің ұлттық қаласы деп атайды.

Ансидің көрікті жерлеріне Женева графының бұрынғы резинденциясы болған сарай (XII-XIV ғғ.) жатады. Ауласында XII ғасырға жататын «Рейн» мен XV ғасырға жататын «Пьер» мұнаралары бар. Сарайда өлкелік мұражай жұмыс істейді. Сондай-ақ 37 қоңырау мұнарасы бар. Сонымен қатар Сент-Клер көшесі мен қалаға кіру қақпасын айтпай кетпеуге болмайды. Сент-Клер есігі Кларисс монастырынан қалған жалғыз қақпа.

Ансида өте қызық ортағасырлық түрме бар. Ол каналдар аралдарының бірінде орналасқан болатын. Оның үшбұрышты формасы тастағы кемені еске түсіреді. Ол алдымен шонжар үйі болған, кейіннен түрме, соңында мұражайға айналды. Бұл фотографтардың ең сүйікті орны.

Анси көлінің шығыс жағалауында Таллуар жерінде бенедиктіктер аббатығы орналасқан. Дю Вассе каналының сағасында аллея, фонтандар мен орындықтар бар керемет саябақ орналасқан. Бақ «Махаббат көпірі» тұрған көлмен каналға түседі.

Тамыздың бірінші сенбісінде Ансиде көл мейрамын атап өтеді. Бұл Еуропаның ең әсерлі пиротехникалық қойылымдарының бірі. Жыл сайын фейерверк оттарына мән-мағына мен әуезділік беретін белгілі бір музыкалық тақырып бойынша өтеді. Маусымның екінші және үшінші демалыс күндері Джаз фестивалі өтеді. Женеваға келу.4* қонақүйге орналастыру.

7 күн (Жұма). Женева

Қонақүйдегі таңғы ас. Әуежайға жеткізу мен үйге кері ұшу.

  • Назар аударыңыз! Туристер бос уақытында қонақүйден немесе қонақүйге өздері жетеді. Қоғамдық көлік, такси мен қонақүй – орталық – қонақүй бағатындағы басқа да көліктер билетінің құны тур құнына КІРМЕЙДІ!

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954