член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Нева рапсодиясы (Ресей)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: 400000 KZT Кол-во: чел.


Тапсырыңызды жіберу үшін аты-жөніңізді тіркеңіз. Егер Сіз тіркеу жазбасында болмасаңыз, тіркеуден өтіңіз.

Бағасы: тапсырыс бойынша

Нева рапсодиясы

Топтың жиналуы метроның «Гостинный Двор» стансасының вестибюлінің шыға берісінде (Невский д., 35)

Дүйсенбі

«Солтүстік астана» қаласының ішін автобуспен аралау, экскурсия барысында туристер Петербург туралы жалпы мағлұмат алады, Невадағы қаланың тұрғындары мақтан тұтатын атақты сәулет ескерткіштерін, даңғылдар мен ансамбльдерді тамашалай алады. Экскурсияның ұзақтығы — 1,5 сағат. Соңында өзендер мен каналдарға экскурсия жасау.

Сейсенбі

«Васильев аралы» жаяу жүру экскурсиясы

Серендеу кезінде Сіз Васильев аралын алғашқы құрылысы туралы, оның каналдары және осы каналдар неліктен құрылмағандығы туралы мағлұмат аласыз. Биржа и Ростральды бағана, Он екі алқа ғимараты, Кунсткамера, Петр II и Меншиковский сарайларының Румянцев бағының, көркемөнер мен атақты сфинкстер Академиясының ғимаратының тарихымен танысамыз.

Экскурсия ұзақтығы — 2 сағат.

Қалауыңыз бойынша қосымша төлемге әлемнің атақты мұражайларының бірі Эрмитажға экскурсияға жасау. Бұл мұражайда 3 миллионға жуық Еуропа мен Шығыстың ерте заманнан біздің күндерге дейінгі мәдениет пен өнер ескерткіштері сақтаулы. (Кіру билеті 200 руб)

Қалауыңыз бойынша Нева өзенімен серуен жасау. Қосымша төлем 300 руб. Экскурсия ұзақтығы —1 сағат.

Сәрсенбі

Пушкин-Павловск қаласына автобуспен экскурсия жасау.

Орыс поэзиясының көшбасшысы А. С. Пушкинмен жырланған және оның өмірімен тығыз байланысты қала ақынның есімімен аталған. Пушкин қаласының сарай-саябақтық ансамблі XVIII-XIX ғасыр орыс архитектурасы мен өнерінің інжу маржаны атақты құрылысылармен, мүсіншілермен, суретшілермен, саябақ жасаушылармен қала сыртындағы патша резиденциясы ретінде салынған.

Сіз жиі, геометрлі дұрыс орналасқан жолдары бар Екатерина саябағында серуендейсіз, Екатерина сарайын тамашалайсыз, ондағы жиһазды, орыс және батысеуропалы живописьті, шынының ерекше коллекциясын, қаруды, мүсіндерді өз көзіңізбен көріп, көз айым бола аласыз. Ең негізгісі «әлемнің сегізінші кереметі» болып саналатын Кәріптас бөлмені тамашалай аласыз.

Сонымен қатар Павловск сарайына барасыз. Павловск 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басындағы атақты сарай-саябақ ансамблі, ол император Павел І мен оның отбасы үшін жаздық резинденциясы ретінде салынған болатын. Павловск саябағы Еуропадағы ең үлкен бақ, оның көлемі 600 гектар.

Экскурсия ұзақтығы — 6 сағат.

Бейсенбі

«Солтүстік Венеция аңыздары мен мифтері» жаяу жүру экскурсиясы

Мүсіндер арасынан Сіз бульдог ұстаған фотограф, Елисей мысық пен Василиса мысығының фигураларын көре аласыз. Қоладан жасалған Чижик-Пыжик қалалақ нанымда ерекше орын алған: егер кімде кім мүсіннің іргетасына тиын тастаса, ол міндетті түрде бақыт әкеледі және арманының орындалады. Сіз көптеген жаңа мүсіндер көресіз, олар ескерткіштер емес, олар қарапайым әшекейлер, сіз қаланың тамаша тарихына қол тигізе аласыз, сондай-ақ тарихи ескерткіштер: Павел І ескерткішімен бірге Михайлов сарайын, Ұлы Петр ескерткішін, Б. Растрелли жұмыстарын тамашалай аласыз.

Қалауыңыз бойынша қосымша төлемге:

Орыс өнерінің (400 мыңға жуық экспонат) көне иконадан 20 ғасыр авангардына дейін жиналған әлемдегі ең ірі Орыс мұражайына бара аласыз (Кіру билеті оқушы/ студент— 30 руб., ересек — 100 руб).

Өзендер мен каналдар арқылы «Солтүстік Венеция» экскурсиясы — қосымша төлемге 300 руб.

Экскурсия ұзақтығы — 1 сағат.

23.15 "Түнгі Петербург « автобуспен экскурсия. Сиқырлы тұманды ақ түнде Сіз өзендер мен каналдардың ең әдемі көпірлерін көре аласыз, Фин шығанағының жағасында және басқа экскурсияларға кірмейтін романтикалық орындарда бола аласыз. Ең жайлы орындардан Сіз Үлкен Невадан көпір қалай ашылатын, олардың астынан корабльдер қалай өтетініне куә боласыз. Экскурсияның ортасында қолайлы теплоходтармен ажырайтын көпірлер мен қаланың каналдарымен 1,5 сағатық серуен. Ұзақтығы 5,5 сағат.

Жұма

Петергофқа экскурсия

»Петергоф –фонтандар астанасына", Петр I салған «Орыс Версалына» автобуспен саяхат жасау.

Сіз Үлкен Петергоф сарайын, бақ-саябақ архитектурасының нағыз туындыларын – Жоғарғы бақ пен Төменгі, Венера мен Бахус бақтарын, табиғаты керемет Ағылшын, Колонист және Луговой саябақтары мен Александрия саябағын тамашалай аласыз.

Петергофтың өзіндік еркшілігі, оған әлемдік атақ әкелген фонтандардың ерекше жүйесі болып табылады, онда 150 астам фонтан мен 4 каскад бар (жұмыс істеуі мамырдан басталады). Экскурсия ұзақтығы 5–6 сағат.

Сенбі

«Петербург классикасы» жаяу жүру экскурсиясы.

Экскурсия барысында Грибоедов каналы мен Театр алаңын көріктендіретін архитектуралық ансамбльдерді тамашалайсыз. Сондай-ақ, Сіз Мойка өзенінің үстіндегі керемет қақпамен бірге «Жаңа Голландия» кешенін, атақты Сүйісу көпірін тамашалап, атақты сарайлардың алдынан өтіп, атақты тұлғалардың өмірі туралы мағлұмат ала аласыз. Еңбек алаңында XIX ғасырда император Николай I үлкен ұлы Николай Николаевич Романовқа арнап салғызған сарайын тамашалайсыз.

Қалауыңыз бойынша қосымша төлемге Еуропаның ең жақсы сарайларының бірі Юсупов сарайын көре аласыз. Бұл Петербргта құпияға толы орынның бірі болып саналады. Юсупов сарайы тек ескерткіш ғана емес, империялық Ресейдің құлауымен байланысты тарихи орын болып табылады. Осы жерде Григорий Распутин соңғы орыс патшасының соңғы фавориті өлтірілген. Юсупов сарайы байлық, нәзік талғам, ақсүйектік өмір, отбасылық бақыт пен адамзат трагедиясы туралы баяндап береді. (Кіру билеті оқушы\студент 80 руб.; ересек — 140 руб.).

Жексенбі

«Көпұлтты Петербургтың рухани әулие жерлері»

Православие мен басқа да діндердің храмдарын жаяу саяхаттау кезінде Сіз әртүрді діни сенімдегі көпұлтты еуропалық қала ретінде Санк-Петербургтың ерекшелігін көреміз. Санк-Петербургтің діни өмірінің орталығы болып саналатын 1710 жылы Александр Невскойдың Нева шайқасында шведтерді жеңіп шыққанының құрметіне салынған Свято-Троицкий Александро-Невский гүл тәжіне бара алады.

Сонымен қатар Невский даңғылында орналасқан Армян шіркеуін тамашалай аласыз, Сізді Қазан Құдай ана иконасының тарихы мен Қазан салтанатты соборының ерекше архитектурасы таң қалдырары сөзсіз. Сонымен қатар немістер, шведтер, голландықтар, финдер лютерандық шіркеулері, олардың төңкерістен бұрынғы және кейінгі қызметтері қызығушылық тудыруы мүмкін.

Экскурсия ұзақтығы — 2 сағат.

Қалауыңыз бойынша қосымша төлемге «Спас-на-крови» храмына бару, храм 1907 жылы Александр III нұсқауымен император Александр II қайғылы қаза болған жеріне салынған.

Ғимарат келушілерді өзінің сыртқы және ішкі керемет жиһаздарымен таң қалдырады. (Кіру билетінің құны: оқушы/студент — 50 руб.; ересек — 100 руб.)

* Экскурсияның басталуы — түске дейінгі уақыт.

* Брондау алдында нақтылап сұрастырып алуды сұраймыз!

*** Фирма ұсынылатын қызметтің көлемін өзгертпей бағдарламаны өзгерту құқына ие.

Храм «Спас-на-крови» Петергоф

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954