член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Құстарды табиғи ортада бақылау (Қазақстан)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: по запросу

Құстарды өзінің өмір сүру ортасында бақылау

Қазақстан — территориясының көлемі жағынан әлемнің 9-шы елі, Евразия материгінің ортасында орналасқан. Батысында Еділ өзенімен, шығысында Монғолиямен, солтүстікте Ресеймен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шектеседі. Алып жатқан территориясы квадрат. Жерінің 60 пайызы жазық даладан, 30 пайызы жоталардан және 10 пайызы таулардан тұрады. Қазақстанның ең биік таулы аймақтары – Батыс және Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар жоталары мен Алтай өңірі. Еледгі көлдер саны шамамен 34500 және көп бөлігі солтүстікте. Сол көлдердің кейбіреулері тұрақсыз. Ең ірі танымал көлдерін атасақ – Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Құшмұрын көлдері. Орал, Ырғыз, Торғай, Сарысу, Нұра, Іле секілді көптеген өзендер көлдерді толастайды. Тек Ертіс, Есім, Тобыл өзендері Солтүстік Мұзды Мұхитқа құйяды.

Осындай ішкі-континеттік елге сай Қазақстанда барлық ландшафт түрлері кездеседі: әртүрлі үстірт, жазық дала, құмды шөлдер, қылқан жапырақты ағаш ормандары, көлдер, өзендер, биік мұзды шыңдары бар таулар. Солтүстік облыстарда Ресейдің Батыс Сібір өлкесінің жалғасы болатын орманды жазық далалар экосистемасы орын алған. Одан оңтүстікке қарай экосистема елдің 40 пайыз территориясын құрайтын шөлді аймақтарға ауысады. Таулы жоталарда әртүрлі орман түрлері, альпілік жасыл жоталар, тундра, мәңгі жасыл шыршалар, қарлы және мұзды шыңдар орналасқан.

Қазақстанның осындай географиялық орналасуына байланысты флора мен фаунада 6000 аса өсімдік түрлері және 835 аса омыртқалы жануарлар түрлері кездеседі. Елде 489 құс түрлері бар, олардың 396-сы Қазақстанда көбейеді, ал қалғандары миграция арқылы қыстауға келеді. Кебір құстар танымал, ал кейбірлері өте сирек кездесетін түрге жатады, мысалға: үлкен қоқиқаз, қызыл қаз, ақбасты үйрек, тұрымтай, ителгі, қаршыға, имперлік бүркіт, аққанатты бұлбұлдар және т. б. Сонымен қатар 178 түрлі жануарлардың арасында да сирек түрлер бар: қар леопарды, парсылық қарақұйрық, ақбөкен, бұхар елігі, таутеке сияқты.

Қазақстанның көптеген аймақтары орнитологтарға /құс зертеушілер/ өте қызықты. Турлардың барлығы дерлік Алтын-Емел, Қорғалжың, Ақсу-Жабағлы, Науырзым секілді Ұлттық парктер мен қорықтарда жасалған.

Науырзым қорығы Қостанай облысының оңтүстік жағындағы құрғақ дала және жасыл жайлау араласқан жерде орналасқан. Көктемде бұл жерде әр-түрлі өсімдіктер даланы әр түспен бояйды, әсіресе маусым айында адонис, қызғалдақ секілді гүлдер жасыл жайлауды құлпыртады. Ағаштарға толы осы 3 облыстың жері әртүрлі топырақтан құралған, өсімдіктері де сан-алуан.

1926 жылы ашылған Ақсу-Жабағлы Ұлттық қорығы – Орта Азиядағы ең көне қорық. Тянь-Шань тауларының солтүстік батысында, теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан бұл қорық әлемнің бай қорықтарының қатарына кіреді. Жері биік таулар, гүлді жазықтар, жасыл алқаптар, ну ормандар, өзендер мен шатқалдарға толы. Көктемде сирек кездесетін гүлдер, жабайы қазғалдақтар, соның қатарында биік Грейг қызғалдақтары мен Кофмен қызғалдақтары өседі. Мамыр айында осы қызыл, ашық түсті қызғалдақтар жайнаған жасыл даланы толтырған кезде, саяхатшының алдында ең тамаша альпілік жазықтардан кем түспейтін әдемі көріністер ашылады. Айта кетсек әйгілі голланд қызғалдақтары осы жерден шыққан. Фаунасы 238 түрлі құстардан құралған, салыстырғанда Африкалық қорықтардың көпшілігі бұл санға жетпейді. Ең ірі құсы – бүркіт. Құстармен қатар қорықта 42 жануарлар түрі тіркелген., соның ішінде: жабайы текелер, Тянь-Шандық қоңыр аю, қар леопарды, евразиялық бүркіт тектес үкі, гималайлық құзғын-грифон және т. б. оған қоса рептилиялардың бірнеше түрлері және 5000 жәндіктер.

Паркте бірнеше қызықты экскурсиялық жерлер бар. Ақсу өзенінің каньоны Азияның ең терең каньондарының бірі болып табылады. Каньонға батыс жағынан жолға ыңғайлы көлікпен келуге немесе парктің кіре берісінен жаяу серуендеп баруға болады. Турист 5 сағаттық жаяу сапарға аттану үшін денсаулығы сау адам болуы тиіс. Егер сіз бақылауға арналған екі үйге барсаңыз, сипаттауға сөз жетпейтін әдемі сарқырама ағысының көрінісіне тап боласыз, сонымен қатар бұл жерден неше түрлі құстарды бақылауға болады.

Қорғалжың Ұлттық қорығы – кішкене көлдерге толы аймақ. Орналасу жері Астана қаласынан солтүстік батысқа қарай. Жер көлемі 258,9 миллион гектарға таяу. Бұл қорық Юнеско ұйымының қолдауының астында. Себебі бұл қорық Қазақстанның өзінде онша белгісіз. Адам аяқ баспаған жазықтар мен кішкене көлдерден құралатын бұл өңірде қасқыр, борсық, сайгактар мекендейді. Бірақ қорықтың ең ерекше белгісі – бұл құстар. Екі миграциялық бағыттың ортасында орналасқан көлдер бір үлкен стансаның рөлін атқарады. Мысалаға бір Теңгіз көлінің өзі 15 миллион құсты тамқтандыра алады. Қорық деп қорғалатын бұл облыста ақшыл-қызыл қоқиқаздар мекендейді, сонымен қатар бұл жерде бірқазандар мен жыртқыш құстар көп.

Көктем және жаз мезгілдерінде /көкек айының ортасынан бастап қыркүйек айына дейін/ құстардың ең көп түрін бақылауға мүмкіндік туады. Қоқиқаздар барлық мезгілде кездеседі. Көктемде жазық дала қызғалдақтарға толып, гүлденеді. Ал қыс айларында мұз астындағы балықтарды аулауға болады.

Теңіз-Құрал жазық дала мен шөлейт жерлердің қосылған жерінде орналасқан, Көкшетау жоталарының құмға айналған бөлігінде. Бұл территорияда өсімдіктер жоқтың қасы. Тек шөлейт жерге тән шөптер өседі.

Ұлттық қорықтың территориясы екі ірі көлдің байланысынан құралған – Теңіз және Қорғалжың. Қорықта 350-ден аса өсімдік түрлері бар, олардың 90 пайызы шөптер. Фаунасы 82 құс түрінен тұрады, олардың 33-і «Қызыл кітапқа енгізілген», соның ішінде қара бұлбұл, дрофа, аққұтан т. б.

Ең сәтті туристер қара құтан, казарка, аққуды көріп қалуы мүмкін, ал қамыстардың арасында қабандар да жүреді. Мезгіл сайын батыс Сібір өлкесінен орманда тіршілік ететін бұғы, марал, ілбіс сияқты жануарлар бұл жерге де келіп кетеді.

Қорғалжың көлдері балыққа да бай, әсіресе улкен алтын немесе аргентиналық шабақ, шортан, табан т. б. балықтар кездеседі. Балықтың ең көп түрі Теңіз көлінде.

Бұл көне көлдің аралдарында мекендейтін ақшыл-қызыл қоқиқаздар көлді өзіне теңдесі жоқ етеді. Олар бұл жерде палеоцен кезеңінен бастап тұрып келеді, ол кезде Ұлттық Қорықтың территориясы көне Тетис теңізінің астында болатын.




floflo1

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954