Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Русский

Маңғышлақтағы Шақпақ-Ата көне мазарына тур (Қазақстан)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: по запросу

Шақпақ-Ата көне мазары


Шақпақ-Ата көне мазары (10–13 ғ. ғ.) жер астындағы мешітімен бірге Түпқарған түбігінде, Сарыташ бұғазынан 15 км қашақтықта орналасқан. Шақпақ-Ата мешітінің пішіні латын крестіне ұқсайды. Бұл көмбе екі шатқалдың арасында Оңғазы тауына кіре беріс жерде орналасқан. Шақпақ-Ата мешітінен көшпенділердің тас-қалаушылық өнерін көруге болады.

Мешітке кіріс үлкен аркадан құралады. Арка бірнеше бөліктерге бөлінген, ол жерде жергілікті молда дүниеден қайтқандарды шығарып салады. Көптеген адамдар сол себепті осы жерге келеді. Мешіттің текше тәріздес орталық залында арканы ұстап тұратын колонналар орналасқан. Олардың арасындағы арканың бөлігі түрлі-түсті фрескалармен әшекейленген.

Залдың қабырғалары әр ғасырдағы суреттермен көркемделген, ол жерден жылқылар, салт-аттылар, бұқалар, ағаш және гүлдердің бейнесін көруге болады. Көптеген жазулармен өрнектелген қабырғадан Суфийдің дүниенің мәңгілік емес, өмірдің қысқа екендігін сипаттайтын өлең жолдары бірден ерекшеленеді.

Турдың ұзақтығы: 1 күн;
Мерзімі: 15 сәуір мен 15 қазан аралығы;
Топтағы адам саны: 1–14 адам

Бағыт: Ақтау – Қапан Сай жазығы – Шақпақ-Ата – Ақтау


Трансферлер: Ақтау – Шақпақ-Ата мазары (130км, 3 сағат). Ақсуға жолға шығу, су жағасындағы кішкене қалаға бет аламыз. Ақтауға жете берістегі 84-ші км-де Қапан Сай жазығына бұрыламыз.

Жолдың беті ұсақ кремний тастарынан құралған. Шопанның үйіне жақындаған тұста ескі моланың жанынан өтіп шатқалды тауларға қарай жүреміз. Ол жерден Шақпақ-Ата мазарына түсеміз. Бұл жерде мешіттің алдындағы көне мола орналасқан.

Айналада серуендеу. Түскі ас. Әдемі, түрлі-түсті шатқалдарға толы Шақпақата-Сай жазығына жолға шығу. Бұл Маңғышлақ аймағындағы ең әдемі жердің бірі. Демалыс, жаяу экскурсия, артынан Таушық ауылы арқылы Ақтауға қайтып оралу.


Бекет-Ата Мазары

2000 жылдың 8–9 қыркүйегі Маңғышлақ аймағында Әулие Суфий Бекет-Атаға арналды. Бұл кезде Бекет-Атаға 250 жыл аталып өтті. Мұсылман қауымына оның есімі кең танымал. Аңыз бойынша ол 18-ші ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, туған жері – Атырау облысындағы Күлсары ауылы. 14 жасында атақты Шопан-Атадан бата алу үшін оның қабіріне барады. Ал Шопан-Ата өз алдынан Әулие Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары болыпты. Сол аңызға сүйенсек Шопан-Ата Яссауидің жолын қуушылармен қосылып, қазірігі Сенек есімді жерде мешіт салған екен.



Олардың мешіт маңында отырғызған ағашы әлі-күнге дейін өмір сүріп келеді және оның жасы 800 жылдай. Шопан-Ата қабірінде болған үшінші күні Бекет-Атаға оқып-білім ал деген дауыс естіледі. Содан кейін ол алыс Хиуаға аттанып, медреседен білім алады. 40 жасында ол Суфий атанып, балаларға құран үйрете бастайды. Кейін көп жолға шығып, ақыры Маңғыстауға оралады. Өз елінде Бекет-Ата көп адамдарға көмегін тигізеді. Ауруларды емдеп, дау-жанжал оқиғаларында даналығымен дауды дұрыс шешіп, екі жақты да қанағаттандырған. Ол тек әділеттілік пен мейірімділікті дәріптеді. Ақылгөй, дана болуымен қатар Бекет-Ата батырлық ерліктерін қалмақтармен қақтығыста көрсететін.
Бекет-Ата өз кезінде 4 мешіт салды. Біріншісі Күлсары мекенінде – Ақмешіт деп аталады, екіншісі Бейнеу жерінен 20 км қашықтықтағы шатқалдың тастарынан ойып жасалған. Үшінші мешіт Байшатыр облысындағы Үстірт жазығында ораналасқан. Төртінші, тау әктасынан қашап жасалған, жер асты мешітіне тур барысында барамыз. Ол 7 бөлмеден тұрады. Бөлмелердің ішінде жақсы акустика. Бекет-Ата қабірі мешітітің жанында орналасқан. Бекет-Ата мазары – тарихи, архитектуралық, рухани мұра болып табылады.

Тур ұзақтылығы: 2 күн
Мерзімі: 15-ші сәуірден 15-ші қазанға дейін
Орналасу: 1 түн Бекет-Ата мешітінің маңындағы қонақтарға арналған үйде
Топтағы адам саны: 1–14 адам

Турдың бағыты: Ақтау – Жаңа Өзен – Сенек ауылы – Шопан Ата көмбесі – Шапақты – Оғланды жазығы – Бекет Ата – Ақтау

1-ші күн.

Ақтаудан ерте шығу. Оңтүстік-шығысқа қарай асфальтталған жолмен Жаңа Өзенге бағытымен жүреміз. Сенек ауылына дейін трансфер, жеткен соң солға бұрылып, соқпақ жолмен 15км жол жүру. Оң жақта Шопан Ата бекеті болады, Бекет-Атаға бара жатқан туристер осы жерге де тоқталып өтеді. Жақын жерде табиғи бұлақтан су ішуге болады. Бұл жерден Үстіртке дейін шатқалдармен барамыз. Бекет-Атаға келген соң қонақтарға арналған үйде орналасу. Кешкі ас. Түн.

2-ші күн.
Таңғы ас. Бекет-Ата өмір сүрген жерге экскурсия. Үстірттен түсу.
Қараман-Ата бекеті.
Маңғышлақ облысының ең маңызды көмбелері – Бекет-Ата, Шопан-Ата, Шақпақ-Ата, Сейсем-Ата, Масат-Ата, Қараман-Ата, Қошқар-Ата, Сұлтан-Ере, Шаңға-баба, Үштем, Ақшора және т. б. Қараман-Ата бекеті жер асты мешітімен бірге құралған, ол төрт бөлмеден тұрады. Мешіт ішіне күн сәулесі төбедегі ойық арқылы енеді. Мешіттің іші салқындау, қабырғаларында кішкене кесірткелердің суреттері салынған. Көмбенің маңында көне мола бар.
Турдың ұзақтығы: 1 күн
Мерзімі: сәуір мен қазан айының аралығы
Топтағы адам саны: 1–14 адам

Турдың бағыты: Ақтау – Бардыбек ауылы – Қараман-Ата мазары – Ақтау

1-ші күн. Трансфер: Ақтау – Бардыбек ауылы – Қараман-Ата мазары (85км, 2 сағаттық жол). Бардыбек ауылына қарай Ақтаудан шығу. Қаладан шыға беріс жерде кішкене «өлі көлді» көреміз, бұл Маңғышлақтың металлургиялық зауыттардың өндірістен шыққан қалдықтарын құюға арналған, қолдан жасалған көл.
Бардыбек мазарына дейін трансфер (жолдан 1км жерде). Осы тұста солға қарай бұрылып, Шетпе ауылына қарай жүреміз, соңында көп ұзамай Қараман-Ата көмбесіне дейін де келіп қаламыз.

Айналада шолу, жерасты мешітін, моланы қарау. Ақтауға жолға шығу. Жол бойында көл маңына тоқтау. Көл жағасында түскі ас. Ақтауға трансфер.

Географиялық орналасуы. Маңғыстау облысының территориясына Маңғышлақ жартыаралы, Үстірт және Каспий теңізінің оңтүстік жағалауы – Бұзашы жартыаралы қосылады. Облыстың жері көлемі 16 миллион гектар табиғи щөл және шөлейт жерден тұрады. Бұл жерде бірнеше әдемі көріністі жерлер бар:
- көптеген каньондардан тұратын теңіз жағалауы
- Қаратау таулы қыраты
- Бор мен ақтастан құралған тау қыртыстары
- Құм таулары
- Құрғап қалған көлдің тұзды беті, сазды жағалары
- Қуыстар


Ағаштар мен өсімдіктер бұл өңірде сирек кездеседі. Маңғышлақ облысының көп бөлігі тақыр жерден тұрады, сол себептен бұл геологтарға жер қыртысын зерттеуге үлкен мүмкіндік туғызады. Клматы континеталды. Қыс мерзімі өте суық, желді болады, қар аз түседі. Көктем мерзімі тез өтеді, ол да құрғақ, желді. Ал жазы ұзақ келеді, бұлттар сирек болғандықтан өте ыстық. Күз мерзімі жылы келеді. Жылдық орташа температура шамамен +10.5 + 11.5°C. Ең ыстық кез шілденің ортасынан тамыз айының аяғына дейінгі аралыққа келеді. Ал суық аяздар қазанның соңынан басталады. Көктем сәуірде ғана келеді. Жауын-шашын бұл жерде өте сирек, жылына шамамен 140–160 мм солтүстікте және 90–12 оңтүстікте түседі. Көп мөлшердегі жаңбыр жаздың басталтын кезінде орын алады. Таулы аймақтарда жауынның әсерінен сел жүруі мүмкін.

Қар Маңғышлақта сирек түседі. Ыстық температура, желді ауа райының себебінен судың булану мөлшері түсу мөлшерінен 10–15 есе артық. Соның салдарынан ауа ылғалдылығы 40–60 пайыз ғана.

Тур ұзақтылығы: 4 күн
Орналасу: 2 түн қонақүйде, 1 түн палаткада
Мерзімі: 15-ші сәуір мен 15-ші қазан аралығы
Топтағы адам саны: 10 адамнан аспайды

Турдың бағыты: Алматы – Шевченко форты – Сұлтан Эпе каньоны – Шақпақ Ата – Ақтау – Алматы


1-ші күн. Алматыдан аттану. Ақтауға келу. Әуежайда қарсы алу, қонақүйге трансфер, орналасу. Қалада экскурсия, тарихи мұражай, православиелік шіркеуге, Тарас Шевченко ескерткішіне, Қалалық алаңға шолу. Жергілікті кафеде түскі және кешкі ас. Қонақүйде түн.
2-ші күн. Ақтаудан аттану. Трансфер: Ақтау – (135км, асфальтталған жол). Біз облыстың этнографиясына арналған бірнеше мұражайларға шолу жасаймыз. Жергілікті кафеде түскі ас. Трансфер – Жығылған жазығы (60км топырақ жолмен). Теңіз маңындағы ұлы үңгірге экскурсия. Бізде неоцен кезеңінің жануарларының (15 миллион жыл бұрын өмір сүрген қылыштісті мысықтар мен тұяқты жануарлар) қалдықтарын көруге мүмкіндік болады.
Экскурсия 3 км жоғары және 100м платоның үстімен төмен жалғасады. Трансфер: Жығылған жазығы – Сұлтан Эпе (30км топырақ жолмен). Жол бойында Қарғашты әулие және Үштам отбасы мазарына шолу. Каньонға кіре берісте Сұлтан-Эпе мазары мен жерасты мешіті болады. Мешітке шолу, бос уақыт. Кешкі ас. Палаткада түнеу.

3-ші күн. Таңғы ас. Трансфер: Сұлтан-Эпе – Шақпақ-Ата (30км топырақ жолмен). Жол бойында платоға тоқатлу. Түскі ас. Шақпақ-Ата жерасты мешітіне экскурсия. Мешіттің қабырғасында 10–13 ғасырларда салынған суреттерді көре аламыз. Трансфер: Шақпақ-Ата – Ақтау (140км тас және топырақ жолмен). Ақтауға келу. Жергілікті кафеде кешкі ас. Қонақүйде түнеу.

4-ші күн. Әуежайға трансфер, Алматыға ұшу.

все туры этой категории »

Нигметжанова Зухра Нигметжанова Зухра
супервайзер отдела
бронирования билетов
моб.: +7 701 257 7403
е-mail:
skype: Zukhra03

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
супервайзер отдела туризма
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Бажакова Дина Бажакова Дина
оператор по бронированию
авиабилетов
моб.: +7 777 745 2992
e-mail:
Skype: dina_bazhakova

Сериков Эльдар Сериков Эльдар
менеджер
моб.: +7 705 188 9984
e-mail:
ICQ: 402197954

Рамазанова Айнура Рамазанова Айнура
менеджер
моб.: +7 701 775 4545
e-mail:
ICQ: 398849909

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
оператор по бронированию
авиабилетов
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Абдуллаев Мухтар Абдуллаев Мухтар
референт по китайским визам
моб.: +7 702 144 4417
e-mail:
ICQ: 216421463

Свидина Анастасия Свидина Анастасия
референт по языковым курсам, визам
моб.: +7 701 775 8035
e-mail:
ICQ: 383416127