член IATA Very nice член KTA Travelife
Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Медеу (Қазақстан)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: по запросу

Тапсырыңызды жіберу үшін аты-жөніңізді тіркеңіз. Егер Сіз тіркеу жазбасында болмасаңыз, тіркеуден өтіңіз.

Бағасы тапсырыс бойынша

Теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан Медеу мұз айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Ол 1972 жылы салынған. Мұз беті 10,5 мың кв. м. құрайды. Бұл коньки тебу спорты, хоккей мен мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Шатқалдағы жұмсақ климат, күн радиациясының оптималды деңгейі, жоғары емес атмосфералық қысым, әлсіз жел мен таза мұз суы – барлығы биік таулы айдынға танымалдық әкелді.

Осында әлемнің 120 рекорды белгілі спортшылармен жасалған. Соңғы жылдары өткізілген жөндеу жұмыстарынан кейін мұз айдыны біршама жаңартылды.

Таулы алқапқа өткен ғасырда өмір сүрген және осы жерлерде ауылын орналастырған Медеу деген көшпендінің есімі берілген.

Биік таулы айдын кез-келген ауа-райында керемет. Оның әсемдігімен жоғары нүктеден де тамашалауға болады, оған Сіз Мохнатка тауының етегінде салынған баспалдақтармен шыға аласыз. Қаладан ол қалың ағаштармен жамылған беткей сияқты көрінеді, осыдан келіп оның аты шыққан. Өткен ғасырдың басында бұнда монастрь үңгірі болған. Осы күнге дейін табынушылар келіп, құдайға сыйыну рәсімін жасайды.

Бірнеше жыл бойы мұз айдыны үлкен концерт залына айналды, бұнда тек қана қазақстандық орындаушылар ғана емес, әлемнің әр түкпірінен келген эстрада жұлдыздары қатысқан «Азия даусы» аты атақты халықаралық музыка фестивалі өткізілді.

Айдындағы мұздың қалыңдығы 2,3 метрді құрайды және ол 20 аса құрылыс материалдарынан тұрады. Мұз бетіне 170 шақырым суытатын құбырлары бар темірбетонды жалпақ тілімдер орналастырылған. Мұзды жасанды қатыру жүйесі әлемде теңдесі жоқ және ол айдынның мұзды бетін жылдың 8 айы бойы еріп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Демалыс күндері коньки тебу тек Алматы қаласы тұрғындарының ғана емес, қала қонақтарының жақсы дәстүріне айналған.

Селге қарсы Медеу бөгеті теңіз деңгейінен биіктікте Алматы қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол Батыс Тянь-Шяньда пайда болатын селден қаланы қорғау үшін салынған.

Бөгет биіктігі 3 деңгейлі. Арнайы су айдыны судың 6 миллион куб. метр ұстауға мүмкіндігі бар.

Бөгетке қала мен туристерге танымал 842 баспалдақтан тұратын басқыш апарады. Осы ерекше басқышқа көтерілу бойынша жарыстар үнемі жүргізіліп отырады.


все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мотышева Шынара
Бухгалтер
моб.: +7 701 715 00 12
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954