Главная страница карта сайта
English
Қазақша
Deutsch
Русский

Алматы-Арал - Түркістан-Ақсу-Жабағлы-Тараз- Астана (Қазақстан)

 

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы отправить Ваш заказ. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

Цена: 1142 USD Кол-во: шт.

Алматы-Арал — Түркістан-Ақсу-Жабағлы-Тараз- Астана

1-ші күн: Алматы және кіші алматылық аңғарына экскурсия. Алматы қаласы Іле-Алатауының жоталарының бөктерінде, теңіз деңгейінен 700–900 метр жоғары орналасқан, аумағы 250 шаршы км, тұрғындар саны шамамен 1,5 млн. Мұзды шыңдары бар таулардың арасында осындай ерекше орналасуына, архитектуралық көрінісіне және жасыл ағаштарға толы пішініне байланысты Алматы қаласы Қазақстанның халықаралық туристік орталығы болып отыр. Экскурсия барысында сіздер қаланың тарихи орталығында боласыздар, көретін обьектілердің қатарында 28 гвардиялық панфиловшылар паркі, Мәртебе мемориалы, «Свято-Вознесенкий» кафедралық шіркеуі, қала алаңдары, 20 ғ. -ң 30–50 жж. салынған көне әкімшілік орталық, Республика алаңындағы Тәуелсіздің монументі. Әрі қарай кіші алматылық аңғарда дүние жүзіндегі ірі биік таудағы мұз айдыны — Медеу орналасқан. Ол теңіз деңгеиінен 1700 метр жоғары, кіші Алматы өзенінің алқабында, жан жағын тау жоталары қоршаған. Сонымен қатар туристерді мұз айдыннан жоғарырақ орналасқан селге қарсы соғылған бөгет қызықтырады. Себебі ол жерден тауларға керемет панорамалық көрініс ашылады. Бөгетке көтерілетін баспалдақ саны 830. Ол жерге автокөлікпен де жетуге болады. Оның ар жағында, жоғары тауда, теңіз деңгейінен 2200 метр орналасқан Шымбұлақ тау шаңғылық курорты бар. Ол жерге Медеуден арқанды жол жүргізілген. Кешкі 5-ке таман қалаға ораламыз.

2-ші күн: Қызылорда қаласына ұшу. Темір жол вокзалына трансфер, Арал қаласына сапар.

3-ші күн: Аралға келу, қарсы алу, қонақжай үйге орналасу. «Кемелер моласына» және балықшылар музейіне экскурсия, ол жерде 50–60-шы жылдардағы қармақтарды көруге болады, жанында көне реставрациядан өткен кеме де бар, оның үстіне көтеріліп, қысқа документалды кіші Аралдағы балықшылық туралы кино көруге болады. (Таңғы ас қана)

4-ші күн: Темір жол вокзалына трансфер, Арал-Түркістан пойызы. Қарсы алу, «Түркістан» қонақ үйінде орналасу. (Таңғы ас қана)

5 –ші күн: 14 ғасырда салынған архитектуралық комплекске, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне экскурсия. Бұл жер мусылмандардың екінші меккесі саналады, көне қазақ қалаларының бірі. Вокзалға трансфер, Түркістан-Ақсу-Жабағлы бағыты бойынша сапар. Әрі қарай Түлкібас-Ақсу-Жабағлы трансфері, қонақжай ұйге орналасу. (Таңғы ас қана)

6-шы күн: Кіші Қаинды су сарқырамасына бір күндік экскурсия, қалауға байланысты автокөлікпен, жаяу немесе атпен болады. Сапар бағыты 12 км. (Үш мезгілді тамақпен қамтамасыз ету)

7-ші күн: Ақсу және Таяқ салды каньонына сапар. Автокөлікпен 28 км, артынан каньонға 300 метр жаяу түсеміз. (Үш мезгілді тамақпен қамтамасыз ету)

8-ші күн: Тараз қаласына трансфер. Қала ішінде экскурсия. Қарахан, Дауытбек, Аша бибі, Бабаджа хатун мавзолелеріне кіру. Талас шайқасының орнына да серуендеу. Тараздан Астанаға ұшу, қарсы алу трансфері, «ArtHotel Astana» қонақ үйінде орналасу. (Таңғы ас қана)

9-шы күн: «Жаңа астананың тарихы мен бүгінгі жағдайы» атты қала ішіндегі жалпы экскурсия. «Астана-Бәйтерек» комплексіне серуендеу, 97 метрлік биіктікте қаланың керемет панорамасы ашылатын көрініс бөлмесі орналасқан. «Думан» ойын сауық ортылығында Орта Азиядағы жалғыз океанариум бар, «Джунгли» қызықты аттракционы, Әлемнің көне және жаңа әйгілі 7 кереметінің кішірек копияларын көруге болады. Сонымен қатар «Атамекен» этно-мемориалды комплексті көресіздер, оның ерекшелігі – аспан астындаңы ашық музей, Қазақстаннның 14 облысының басты қалаларының кішірейтілген бейнесін байқауға болады.

10-шы күн: Әуежайға трансфер, елге оралу.

Бір адамға есептелген турдың бағасы:

2 адамдық топ – 270600

4 адамдық топ — 230660

6 адамдық топ — 192852

Бағаға кіретін қызметтер:

- Әуежайдан қонақүйге және қонақүйден әуежайға трансфер.

- «ArtHotel Astana», «Яссы» немесе «Түркістан», «Казжол» қонақүйінде орналасу.

- Бағдарлама бойынша экскурсиялар.

- экскурсия жүргізушінің қызметі және көлік қызметі.

- Алматы-Қызылорда әуебилеті.

- Арал және Ақсу-Жабағлыда қонақжай үйде орналасу.

- Қылыорда-Арал-Түркістан бағыты бойынша темір жол билеттері. (4 орындық купедегі 1 орын).

- экскурсия обьектілеріне кіру билеттері.

Бағаға кірмейтін қызметтер:

- халықаралық әуе билеттері.

- визалық қолдау хаты.

егрк турк-3 айша-б аральск аст-1nehr

все туры этой категории »

Мотышева Анара Мотышева Анара
директор
моб.: +7 777 225 4037
е-mail:
Skype: Anara. Motysheva

Мукашева Эльмира Мукашева Эльмира
туризм бөлімінің супервайзері
моб.: +7 701 357 6171
е-mail:
skype: akzholt

Габдулина Асия Габдулина Асия
старший менеджер
моб.: +7 777 235 3979
e-mail:
Тiл:Немiс

Арыстанкулова Аида Арыстанкулова Аида
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 777 398 0677
e-mail:
Skype: Arystankulova

Мырзабай Толганай
авиабилеттерді брондау операторы
моб.: +7 708 162 30 40
e-mail:

Стародумова Наталья Стародумова Наталья
менеджер
моб.: +7 707 526 7686
e-mail:
ICQ: 402197954